АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Алматының автобус паркі 100%-ға дейін жаңарады

Алматыда қалалық көлік рефермасының аралық қорытындысы шығарылды. Үш жыл ішінде 1113 жаңа автобустар сатып алынды, еліміздегі алғашқы BRT желісі іске қосылды, каршэринг пен велопрокат қызметі енгізілді. Метроның екі жаңа бекетінің құрылысы жалғасуда және LRT жеңіл рельсті трамвай жобасы жүзеге асуда.

Бүгінгі күні Алматының автобус паркі 80%-ға жаңарды. Бұған қаржыны көлеңкелі айналымнан шығаруға ықпал еткен «Оңай» жүйесі арқылы қолжетті. Қазіргі кезде барлық транзакцияның 97%-ы қолма-қол ақысыз жүруде. Халықтың арасына жолақысын QR-коды арқылы төлеу тарай бастады.

Жолақыдан түскен табыстың ашықтығы тасымалдушыларға паркті жаңартуға және қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Көлік холдингінің мәліметі бойынша, егер «БАТУ TRAVEL» жеке тасымалдаушының өткен жылғы сәуір айындағы субсидиясыз және өтемақысыз кірісі 4,7 млн. теңге болса, биылғы жылдың сәуірінде бұл цифр 12,3 млн. теңгеге жетті. «ДУМАН ТРАНС» жеке тасымалдаушының осы кезеңдегі табысы 1,8 есе өсті.

«Биыл Алматының автобус паркі 100%-ға дейін жаңарады. Жақында тағы 500 автобус жеткізіледі, олардың 200 газбен жүреді және 60 «гармошкалы». Қала тұрғындарының Instagram арқылы маған жолдаған өтініштерін ескере отырып, 38-ші бағытты жаңартуды тапсырдым. Оған газбен жүретін 18 метрлі жаңа автобустар жіберіледі. Комментарийлерде 48-ші бағытты жаңартуды сұрайды. Жаңартамыз», - деді Бауыржан Байбек.

Қала экологиясын жақсарту үшін электр көлігі енгізіледі. Ол үшін электроавтобустардың үшінші буынын шығаратын қазақстандық-германдық-гонконгтік зауыт және 300 орынды автобус паркі салынды. «made in Almaty» маркалы алғашқы 10 автобус бірнеше күннен соң рейске шығады. Троллейбустың контактілі желісін реконструкциялаудың ЖСҚ жасалды.

Қала әкімі көлік холдингіне барған кезде BRT желісін енгізгелі бері жолаушы ағынының 40%-ға артқаны, жолға кететін уақыттың 15 минутқа қысқарғаны айтылды Полиция департаментінің мәліметі бойынша биылғы жылдың қаңтар- сәуір айларында ЖКО 24%-ға азайған.

Жаздың аяғына дейін бюджеттен тыс қаржы есебінен бекет кешендеріне тағы 50 электронды таблолар орнатылады. Көлік холдингі велошеринг, такси, Іле Аталау табиғи паркіне бару сияқты қызметтерді жүзеге асыру үшін «Оңай» жүйесін интеграциялау бойынша келіссөздер жүргізуде.



22.05.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng