АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Қазақстанда алғаш рет орфанды ауруларға қымбат дәрілерді автоматтандырылған жүйе беретін болады

«Алматы - Адалдық Алаңы» жобасы аясында мегаполисте алғашқы автоматтандырылған медициналық аппарат – дәріхана роботы іске қосылды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалалық онкология орталығында болғанда азаматтарды өмірлік мәні бар препараттармен қамтамасыз етудегі және жемқорлықтың алдын алудағы жаңа цифрлық әдіске баға берді.

«Дәріхана роботы» - Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы жоба, оның көмегімен онкология сырқатына шалдыққандарға қымбат дәрілер берлетін болады. Дәрігердің рецептінен бастап пациентке препаратты бергенге дейінгі барлық процедура жүйеленген және автоматты түрде бірден мәліметтер базасына түседі. Препарат алатын пациенттің келбеті немесе саусақ іздері сәйкес болуы тиіс. Бұдан соң жеке электронды карта жасалады және дәрігер жазған препарат беріледі.

«Бұл жоба жемқорлықты азайтады және дәрі-дәрмекке бақылауды барынша күшейтеді, дәрілердің сақталу шарттарын қамтамасыз етіп, пациент пен медицина қызметкерінің тікелей жүздесуіне жол бермейді», - деді «Алматы - Адалдық Алаңы» жобалы офисінің басшысы Александр Братенков.

Алматы онкология орталығын аралаған Бауыржан Байбек іске қосылған жаңа радиологиялық корпуста да болды. Егер бұрындары мекеме хирургия мен химия терапия бойынша ғана медициналық көмек көрсетіп келсе, енді радиологиялық корпустың арқасында сәулелі әдіспен емдеу қолға алынды.


23.05.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng