АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Алатау ауданының 11 ықшамауданында инженерлік желілер жүргізілуде

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев қала басшысымен кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған коммуналдық мәселелердің шешілуі туралы айтып берді.

 

Алатау ауданына қарасты 11 ықшамауданында, атап айтқанда, «Әйгерім», «Өжет», «14-территория», «Ақбұлақ», «Шаңырақ–5», «Самғау», «Көкқайнар», «Қарасу», «Шапағат», «Алғабас», «Боралдайда» су құбыры және канализация желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жалпы ұзындығы - 333 шақырым болса, соның ішінде ауыз су құбыры – 180 шақырым, кәріз жүйесі - 153 шақырым.

Сондай-ақ, қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Әйгерім-1,2», «Дархан-Байбесік», «Шаңырақ-1,2», «Шапағат», «Өжет», «Томирис» және «Боралдай» ықшамаудандарының 65 көшесінде жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын сыртқы көше жарығының құрылысы жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың 14 қазанына жоспарланып отыр.

Бұданөзге, «13-14 территория», «Қарасу», «Дархан», «Самғау», «Ақбұлақ», «Шаңырақ-2», «Әйгерім-1» және «Өжет» ықшамаудандарының 23 көшесінде жалпы ұзындығы 4,5 шақырым болатын арық желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар осы жылдың 30 қарашасына дейін аяқталмақ. Сондай-ақ иесіз желілерді коммуналдық меншікке беру жұмыстары жүргізілуде.

Аудандағы сот шешіміне сәйкес электр желісінің шамамен 140 шақырымы иесіз деп танылды. Өз уақытында бұл желілерді тұрғындар өздері салған.

Желілер қаламен қызмет көрсетушілер балансына өткеннен кейін аудан тұрғындары желілерді жөндеумен жұмыс жағдайында ұстау үшін артық төлемнен құтылып қана қоймай, жалпы қалалық тарифтер бойынша төлем жүргізетін болады.

10.09.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng