АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Алматы тарихына терең бойлай аласыз

15 қыркүйек, Қала күнін мерекелеу аясында түрлі тылсым жұмбақтар мен құпияларға толы аудандар мен көшелерде кең көлемде қалалық ALMAQUEST квест өтеді.

 

ALMAQUEST - екі кезеңнен тұратын мәдени шараға ниет білдіргендердің барлығының қатысуға мүмкіндіктері бар.

  1. www.almaquest.kz сайтында тіркелу және финалдық ойынға ұпай санын еселеуге үлес қосатын тестілеуден өту (міндетті емес).
  2. Қаланың көшелерімен жаяу немесе велосипед арқылы өтуге болатын квест.

Alma Quest - бұл бір сценарий бойынша біріктірілген тапсырмалар тізбегі бар таңғажайып және көңілді командалық СПОРТ ойыны. Ойынның мәні - қаладағы объектілердің шифрланған орнын мүмкіндігінше жылдам табу, барлық тапсырмаларды дұрыс орындау, ой жүйріктігі мен білімнің арқасында мәреге жету.

Тапсырмаларды орындау үшін қаланың негізгі нысандары, тарихи фактілер, мұндағы адамдар туралы қызықты мәліметтерді пайдалануға болады.

Ойын онлайн режимінде өтеді. Барлық тапсырмалар ұялы телефонға түседі.

Қатысу ережелері, шараның басталуы, аяқталуы және сыйлық қоры мен сыйлықтар туралы www.almaquest.kz сайтынан толық ақпарат алуға болады.

11.09.2019

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng