АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
26 наурыз 18.30-дағы уақыт бойынша Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай туралы ресми хабарлама

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекция анықталған 40 расталған жағдай тіркелді.

 

Жаңадан анықталған пациенттердің жай-күйі туралы.

1995 жылы туған бірінші пациент 21 наурызда Нью-Йорк - Мәскеу - Алматы рейсімен ұшып келді.

Коронавирус анықтаған қалған адамдар КВИ-дың расталған жағдайындағы адамдармен байланыста болғандар.

Барлық пациенттерде қазіргі уақытта жай-күйі – қанағаттанарлық.

Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазіргі уақытта 40 пациент бар,оның ішінде екеуі – бала.

38 пациенттің жай-күйі – қанағаттанарлық, 1 баланың жай-күйі, сондай-ақ, нашарлаусыз ауырлығы орташа дәрежеде, біреуінде – жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

1956 жылы туылған бұл пациенттің жай-күйі өкпенің созылмалы обструктивті ауруының болуымен байланысты екендігін естеріңізге сала кетейік.

Бүгінгі күні провизорлық госпитальдарда карантинде 938 азамат, оның ішінде 56 бала бар.

Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда.

Бүгін, 26 наурызда Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған әйел емделіп шығарылды. Ол коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың Қазақстанда алғашқылардың бірі болды. Пациент шет елдерде – еуропалық елдердің бірінде коронавирусты жұқтырған.

Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру симптомдарсыз өтіп, вирусқа қарсы емді әйел қанағаттанарлық жағдайда бастан кешірді. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Соңғы екі бақылау талдауы коронавирустың болуына теріс нәтиже көрсетті.

26.03.2020

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng