АЛМАТЫ қаласының ресми интернет-ресурсы
 
МЕНЮ

Негізгі бет v2015

Кері
Үйдің терезесін ашық қалдырмаңыз

Жаз маусымы басталысымен қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің ашық тұрған терезесінен балалардың құлап кету оқиғалары жиі орын алады. Соған байланысты қалалық әкімдікте Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, майор Бекболат Бұғабаевтың қатысуымен онлайн брифинг өтті.

 

«Жыл сайын жаз маусымы жас балалардың ашық тұрған терезелерден құлап кету сияқты қайғылы оқиғаларымен басталады. Наурыз айынан бастап Алматы қаласында 112 желісі бойынша осындай 2 оқиға тіркеліп, 1 бала оқиға орнында мерт болды, – деді майор Бұғабаев. – Аталған жағдай көбіне ересектердің терезелер мен балкондарды күндіз-түні ашық қалдыруынан орын алады. Бұл қауіпке әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар ұрынады. Себебі, табиғатынан әр нәрсеге қызығушылығы жоғары олар өмірлеріне төнетін қауіпті білмейді».

Осындай жағдайларға байланысты спикер ата-аналар есте сақтауы тиіс төмендегідей ережелерді айтып өтті:

– егер терезе 12,5 см.-ден артық ашық болса, балаңыз терезеден құлап кетуі мүмкін;

– кең ашылуға мүмкіндік бермейтін терезе құлыптарын орнатыңыз;

– балаларға терезелерден алыс ойнауды үйретіңіз;

– балаларды үнемі бақылауда ұстау керек;

– терезеге орнатылған москитті торлар балалардың құлап кетуіне қорған бола алмайды;

– терезені ашуға мүмкіндік бермейтін шектеулер қойыңыз.

22.05.2020

жоғары

Все права на материалы, размещенные на этом сайте, принадлежат Акимату г. Алматы
© 2005-2019 РК , 050001 г. Алматы, площадь Республики, 4
Информационное наполнение и сопровождение: Пресс-служба акима г. Алматы
Телефон Пресс-службы акима г. Алматы: +7 (727) 271-65-13
Email: smi@a-a.kz
Қаз   Рус   Eng