^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 15 қазан 2019
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

D-3 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

      3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы;

      7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-3

263 596

343 820

 

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 262-16-09, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Функционалдық міндеттері: Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының, әкімнің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларының, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асыру. Талдау материалдарын жасау және Алматы қаласының әкіміне ақпарат беру. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер және тұрғын үй қатынастары, әлеуметтік сала, білім беру, көлік, автожолдар, табиғатты пайдалану, энергетика, коммуналдық шаруашылық және ауыл шаруашылығы және т.б. салалар бойынша жұмыстарды инспекциялау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша жауаптар дайындау. Өз құзыреті шегінде өзге функцияларды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар. Білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономикажәне бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринария, қызмет көрсету, әскери іс және қауіпсіздік саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

  1. Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы, D-3 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Алматы қаласы әкімі тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асыру. Алматы қаласы әкімінің, қала әкімі орынбасарларының, қала әкімі аппараты басшысының қатысуымен өтетін іс-шараларды және мемлекеттің негізгі тұлғаларының жұмыс сапарларын ұйымдастыру мен өткізуге қатысу. Алматы қаласы әкімінің көшпелі мәжілістерін ұйымдастыру және өткізу. ҚР Президенті Әкімшілігінің және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмалары бойынша материалдарды жинақтау, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған ұйымдармен және құрылымдық бөлімшелермен хат алмасу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚР Президентінің Әкімшілігіне, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпараттар, анықтамалар дайындау және олардың берілуін қамтамасыз етуді бақылау. ҚР Президентінің, ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өткен мәжілістерде берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұйымдастыру мен бақылауға қатысу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған ұйымдармен және құрылымдық бөлімшелермен хат алмасу. Аудандар әкімдері аппараттарының қызметін бақылау, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізілуін мониторингілеу, ұсыныстар әзірлеу және енгізу. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша жауаптар дайындау. Өз құзыреті шегінде өзге функцияларды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар. Білім (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология, бастапқы әскери дайындық, математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, кәсіптік оқыту, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, педагогикалық өлшеу), гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер (сәулет, баспа ісі, арт-менеджмент), әлеуметтік ғылымдар, экономикажәне бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, биология, механика, физика), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, машина жасау, көлік, көлік техникасы және технологиялары, аспап жасау, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, стандарттау және сертификаттау, метрология, тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы, жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы, тағам қауіпсіздігі, азық-түлік емес заттар мен бұйымдар қауіпсіздігі, пайдалы қазбаларды байыту, материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы, мұнайхимия, наноматериалдар және нанотехнологиялар (қолдану саласы бойынша), көлік құрылысы, информатика, есептегіш техника және басқару), қызмет көрсету, әскери іс және қауіпсіздік саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);

2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

           Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

           Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

           Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей біріңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға біріңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін

ЖАДЫНАМА

 

Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына 2-қосымша 

                 ____________________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

      Мені ______________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ ___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

     Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________ ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

 

_________________                                                    ___________________________________         (қолы)                                                                                       (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56