^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 24 қазан 2019
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

D-О-2 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

               1)мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішіндемемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кемемес;

               2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кемемес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан

төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

               4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішіндеорталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кемемес;

               5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссиябекітетін басым мамандықтар бойынша оқудыаяқтауы

               6) ғылымидәрежесі;

               7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардажұмысөтілі5жылданкемемес,оныңішіндемемлекеттікорганболып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кемемес.

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-2

411 446

536 667

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4,№256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 262-16-09, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Алматы қаласының коммуналдық меншігін, сонымен қатар акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік акциялар пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттің қатысу үлестерін басқару мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімдігінің саясатын әзірлеуге, қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) тапқан таза табысты бөлу туралы уақтылы шешім қабылдау және акционерлік қоғаммен (жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен) акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекетке тиесілі акцияларына (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) дивидендтердің аударылуына мониторинг; акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде жергілікті атқарушы орган белгілеген мөлшерде дивидендтерді (кірісті) төлеуге акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөлігін бағыттау үшін шаралар қабылдауды ұйымдастыру; өз құзыреті шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысумен акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шетеулі серіктестіктердің қызмет етуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізу; жергілікті атқарушы органның атынан мемлекеттің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектекулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асыру; акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысына акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) директорлар кеңесіне (байқау кеңесіне) тағайындау үшін кандидатура ұсыну және жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесін (байқау кеңестерін) жергілікті атқарушы органдармен келісу арқылы қалыптастыру; Алматы қаласының бюджетінен «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінген қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсауды және тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес сатып алынуын қамтамасыз ету; мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары талаптарының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету; жалдау ақысының уақытылы аударылуына бақылауды жүзеге асыру; коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру; коммуналдық заңды тұлғалардың атына тіркелген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру; құқықтық мәселелерді қарастыру кезінде Басқарманың мүддесін мемлекеттік және өзге де ұйымдарда белгіленген тәртіпте ұсынуды ұйымдастыру; кінәрат-қуыным жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру; басқармадағы қызмет барысында туындайтын құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беруді қамтамасыз ету; азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарастыру; басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша, Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының, Алматы қаласы әкімі шешімдерінің және өкімдерінің орындалуына бақылау; жетекшілік ететін бөлімдердің қызметкерлерімен өндірістік және еңбек тәртібінің сақталуына бақылау; басшылықпен анықталатын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру; басқарманың ішкі тәртіп ережелерін және жұмыс режимін, еңбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникаларын және өртке қарсы қорғану ережелерін сақтау.  Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Заң (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);

2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

           Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

           Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

           Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

           Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін

ЖАДЫНАМА

 

Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына 2-қосымша 

 

 

                 ____________________________________ 

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

     Мені______________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ ___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

     Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________ ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

 

_________________                                         ____________________________________                   қолы                                                      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56