^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2020
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

 

D-О-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-4

195 895

255 514

 

  «Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, 262-16-09 e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: - Ведомстволық есепті ауданның білім ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісі мазмұнының мемлекеттік білім стандарттарының талаптарына сәйкес келуін қадағалау; - мектеп жасындағы балаларды жалпыға міндетті оқумен қамту; - ауданның медицина мекемелерімен бірлесіп, оқушылардың өмірін сақтауды және денсаулығын сақтап нығайтуды қамтамасыз ететін жағлайлар мен шаралардың орындалуын бақылау; - ауданның білім беру ұйымдарын оқу және көркем әдебиеттер түсуін бақылау;       - азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау; мемлекеттік органдармен және азаматтармен хат алмасу; өз құзырлығы шектерінде, білім саласында анықталған кемшіліктерді түзету бойынша тиісті шаралар қабылдау; жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. - басқарма басшылығымен анықталатын басқа уәкілеттіктерді жүзеге асыру.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білім (құқық және экономика негіздері және/немесе кәсіптік оқыту және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті* және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру және/немесе педагогика және психология және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті* және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

            2. Алматы қаласы Білім басқармасының Техникалық қадағалау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 30.06.2021ж.), D-О-4 санаты,           (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Білім беру нысандарының күрделі, кешенді және таңдаулы жөндеу жұмыстарын техникалық қадағалау. Білім беру нысандарының техникалық жағдайын бақылау. Басқарма басшылығымен анықталатын басқа уәкілеттіктерді жүзеге асыру. Дербес компьютермен жұмыс жасай білу.  

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс және/немесе стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

  1. Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу және шаралар қолдану. Балалар үйлерінің, баспанасының, жасөспірімдер үйлерінің, интернаттық мекемелердің қызметін ұйымдастыруды бақылау; интернаттық мекемелер мен түзету білім ұйымдарының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу және шаралар қабылдау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Басқарма басшылығымен анықталатын басқа уәкілеттіктерді жүзеге асыру.

  Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білім (құқық және экономика негіздері және/немесе кәсіптік оқыту және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті* және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру және/немесе педагогика және психология және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті* және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану); құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

            4. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы сауда бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Жанар-жағармай мен көмірдің қорларына және бағаларына мониторинг жүргізеді. Сауда үйлерінің (дүкендерінің), базарлардың, сауда ойын-сауық орталықтарының қызметіне мониторинг жүргізеді. Құнсыздану үдерістеріне талдау жасайды және оларды ұстап тұру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Қала ауқымында сауда және қызмет саласын жетілдіру мен дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді. Ішкі сауда мен қызметті дамытуды үйлестіреді. Жаңа сауда нысандары мен қызмет көрсету саласының нысандарын ұйымдастырады және олардың ашылуына қатысады. УТО нысандарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Қаланың көмір базалары мен май құю станциялары (станциялар) желілерінің қызметіне мониторинг жүргізеді. Белгіленген мерзімдерге сәйкес, заңды және жеке тұлғалардың хаттарына дер кезінде жауаптар береді. Бөлімнің іс жүргізу ісін жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық (құқықтану) немесе гуманитарлық ғылым (халықаралық қатынастар) жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

            5. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өнеркәсіп кәсіпорындары қызметінің мониторингі бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты,                (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Инвестицияларды тартады, нарық өтімін қалыптастыруға көмек көрсетеді, Индустриалды аймақтың инвестициялық жобаларын іске асырады. Алматының Индустриалды аймағында жобаларды сүйемелдеу, оларды іске асыру бойынша мониторинг жүргізеді және көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының инустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын кеңінен тарату бойынша іс-шаралар (мәжілістер, кеңестер) өткізуге қатысады. Кәсіпкерлікті қолдау картасына және Индустрияландыру картасына енгізу үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді. Алматы қаласының стратегиялық басымдықтарын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының өнеркәсібін дамытуда кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді. Белгіленген мерзімдерге сәйкес, заңды және жеке тұлғалардың хаттарына дер кезінде жауаптар береді. Бөлімнің іс жүргізу ісін жүзеге асырады.  

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында саласында жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

            6. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасысыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Алматы қаласының сыртқы сауда айналымына (экспорт және импорт) мониторинг және талдау жүргізуді жүзеге асырады. Алматы қаласының экономикасына тікелей және шетелдік инвестицияларды тартудың мониторингін және талдауын жүзеге асырады. «Экспортшы-2020» Бағдарламасының іске асырылуына мониторинг жүргізуді жүзеге аырады. Шетелдік инвестицияларды арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жұмысын жүргізеді. Қаланың жыл сайынғы Инвестициялық форумын дайындайды, өткізуін ұйымдастырады. Инвесторларға қызмет көрсету орталығының қызметін ұйымдастырады және бақылауын жүзеге асырады. Шетелдік делегациялармен кездесулер және бірлескен жұмыс бойынша жұмыс жүргізеді. Бөлімнің іс жүргізу ісін жүзеге асырады. Кіріс хат-хабарларын қарайды, құжаттардың дер кезінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Басқарма басшылары белгілеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылым (халықаралық қатынастар) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

  1. Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының Жайлы қалалық орта бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Абаттандыру және көгалдандыру бойынша жобаларды іске асыруды бастау кезінде жұмыстарды дайындау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бөлімінен авторлық және техникалық қадағалау бойынша абаттандыру және жасыл құрылыс бойынша жұмыстарды орындауға шарттар алу. Жұмыстарды орындау үшін мердігерлік ұйымға жер учаскесін беру. Уақытша электрмен жабдықтауды және сумен жабдықтауды қосуды бақылау және жүзеге асыру. Әлеуметтік нысандарды абаттандыру және жасыл салу бойынша жұмыстардың орындалуын сүйемелдеу. Жобаларды іске асыру барысында туындайтын мәселелерді шешуге көмек көрсету. Компьютерлік сауаттылық.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе құрылыс және/немесе геодозия және картография және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе ғарыш техникасы және технологиялары және/немесе өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

  1. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: БАҚ-да қала қызметі жайындағы сұрақтар бойынша ақпараттың жариялануын қамтамасыз ету; бөлім жетекшілік ететін бағытына қарай қызметтік ақпараттар, басылымдар, ұсынымдар, аналитикалық хаттар дайындау; БАҚ басылымдарына мониторинг жасау, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қаланың өзекті мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кампанияларын әзірлеу және іске асыру; «Қазақстан-2050» Стратегиясын, жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына жолдауын және басқада бағдарламалық құжаттарды насихаттау бойынша БАҚ-та материалдардың жариялануын ұйымдастыру; бөлім басшысының тапсырмаларын орындау; мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша есепті қамтамасыз ету, жетекшілік ететін бағытына қарай мемлекеттік және басқада мекемелермен хат алмасуды жүзеге асыру; жоғары тұрған органның сұранысына анықтама және ақпарат беру; мемлекеттік тілді меңгеру.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Білім беру саласындағы (құқық және экономика негіздері, философия) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих, аударма ісі) немесе құқық саласы (халықаралық құқық, құқықтану, құқық қорғау қызметі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (менеджмент, статистика, журналистика, саясаттану, экономика, психология, әлеуметтану, аймақтану, әлемдік экономика, қоғаммен байланыс, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе өнер саласындағы (баспа ісі) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 2-қабат, 256 бөлме) тапсырылуы тиіс.

 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.qyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылары мен кандидаттары "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларына 2-қосымша 

                 ____________________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

      Мені ____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі

талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

     Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________
Мекенжайы және байланыс телефоны_______________________________________________________

______________________________________________________________________________________

 

_________________                                                    ____________________________________                  қолы                                                                                      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

 

Форма

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии)

 ФОТО(түрлітүсті/ цветное,3х4)

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

Туған күні және жері/Дата и место рождения

 

Ұлты (қалауы бойынша)/Национальность (по желанию)

 

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

Шетел тілдерін білуі/Владение иностранными языками

 

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

Жазатүрі, оны тағайындау күні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/приема

босатылған/увольнения

_____________________Кандидаттың қолы/Подпись кандидата

_______________күні/дата

 

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz