^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 6 сәуір 2020
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

D-O-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы.

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-3

305 771

398 831

 

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасыныңСумен жабдықтау объектілерін және газбен жабдықтау жүйелерін басқарубөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау объектілерін басқару саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Алматы қаласын газбен, сумен қамтамасыз етуді басқарудың автоматтандырылған жүйесі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Халықты сенімді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында шаралар кешенінің орындалуын қамтамасыз етеді, оның ішінде: коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің қызметін үйлестіреді; авариялық инженерлік желілерді анықтау бойынша шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, қаланың тұрақты дамуы үшін қажетті инженерлік инфрақұрылымның жай-күйіне, газ, сумен жабдықтау бойынша қуаттар резервтеріне талдау және болжау жүргізеді; халықты және басқа да мүдделі тараптарды инженерлік инфрақұрылыммен жұмыс жүргізуді бастау және аяқтау мерзімдері туралы алдын ала (кемінде 3 күн бұрын) хабардар етуді қамтамасыз етеді.; ҚР заңнамасына сәйкес, қауіпсіздік, жеке меншікке қол сұғылмаушылық, мүдделері қозғалған барлық тараптардың мүдделерін құрметтеу және қолайсыздықтарды азайту принциптерін сақтай отырып, инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді; Халыққа, бизнес кәсіпорындарымен, басқа да мүдделі тұлғалармен ағымдағы мәртебенің мониторингі бойынша жедел кері байланысты, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылыммен жұмысты ұйымдастыру және жүргізу сапасын, ұялы телефондар мен мессенджерлерді қоса алғанда, барлық қол жетімді байланыс құралдары арқылы қамтамасыз етеді.; тәжірибе алмасу, қаланың инженерлік желілерін дамыту және жаңғырту бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін құрылыс ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға қатысады; желілердегі ықтимал ақаулықтар мәніне инженерлік инфрақұрылымның қашықтықтан мониторинг жүйесін қамтитын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бойынша ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету; қызмет тиімділігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын, айқындылығын, жеделдігін және қол жетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыруды қамтамасыз ету; құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың сапасыз көрсетілген қызметтерге тұрғындардың шағымдарын қарау жөнінде комиссия құруды және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету; ресурстарға ұқыпты қарау жөнінде коммуналдық қызметтерді тұтынушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету; ресурстарды ұтымды пайдаланатын тұтынушыларды материалдық көтермелеу шаралары жөнінде ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету; коммуналдық қызметтерді ұсыну ережелерін, Алматы қаласында инженерлік коммуникацияларды ұстау ережелерін әзірлеуді және бекітуге енгізуді қамтамасыз ету;; есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлеуді және бекітуге енгізуді қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысуды қамтамасыз етеді; Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді; Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді; "Алматы Су" ҚМКК, "ҚазТрансАймақ" АҚ кәсіпорындарының қызметіне жетекшілік етеді (келісім бойынша);); сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау бөлігінде бағдарламалық құжаттарда бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді; басшылық ететін бөлімнің жұмысын, қызметін бақылауды және үйлестіруді ұйымдастырады; басшылықтың, жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау саласында бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді; тұтынушыларды сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау мәселелері бойынша әдістемелік басшылықты; жұмыс жоспарларының, басқару бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; аварияларды техникалық тексеру жөніндегі жұмысқа заңнамада белгіленген тәртіппен қатысады; заңда белгіленген тәртіппен Басқарма басшылығына қызметкерлерді көтермелеу немесе оларды Еңбек және атқарушылық тәртіпті бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар береді; заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады.; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының дайындығы мен жүзеге асырылуын және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды қамтамасыз етеді; мемлекеттік бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігімен берілетін сыртқы қарыздар және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалау мен салуға конкурстар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады; жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға есептер; басқарма қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік және өзге де көмек көрсетеді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді; мүдделер қақтығысын алдын алады және шешеді; жобалау алдындағы, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстары кезеңінде қажетті барлық рұқсат беру құжаттарын алуды қамтамасыз етеді; ; бөлімде атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді; сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау мәселелері бойынша комиссияларға және сот процестеріне қатысады; заңнамаға және мемлекеттік нормативтерге сәйкес орындалған жұмыстар актілерін (2-нысан) және басқарма мен жасалған шарттарға сәйкес жұмыстарды орындайтын заңды және жеке тұлғалардан КС-3 нысанды (орындалған жұмыстар мен шығындар құны туралы) анықтамаларды қабылдайды, қол қояды және бұрыштама қояды.; мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына заңнамаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны, тоқтатылғаны, қайта басталғандығы туралы хабарлайды; құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын береді; объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етеді; техникалық және авторлық қадағалаумен бірге объектінің құрылысын қамтамасыз етеді; Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғандығы, тоқтатылғаны, қайта басталғандығы туралы; техникалық және авторлық қадағалау нұсқауларын орындамағаны не уақтылы және сапасыз орындағаны үшін мердігерге (бас мердігерге) шаралар қабылдайды; Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз етеді; техникалық қадағалау қызметін бақылау жөніндегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етеді.; құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталғаны туралы уәкілетті органдарды заңнамада белгіленген мерзімде хабардар етуді және объектінің техникалық сипаттамаларын қоса бере отырып, объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды ұсынуды қамтамасыз етеді; аяқталған объектіні коммуналдық меншікке және ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғалардың теңгеріміне не республикалық меншікке бекітуді қамтамасыз етеді.; заңнамада көзделген жағдайларда пайдалануға берілетін объектілерге техникалық паспортты ресімдейді; Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешені объектілерінің қызметінің жалпы үйлестірілуін жүргізеді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі техникалық ғылымдары мен технологиялар (машина жасау және/немесе автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе мұнайгаз ісі және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);

2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

           Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

           Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

           Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

           Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей біріңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға біріңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін

ЖАДЫНАМА

 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар құқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

 

 

ҚОСЫМША 2

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56