^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 27 мамыр 2020
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

E-1 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

E-1

477 277

622 533

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Алматы қаласы Жетысу ауданы әкімінің орынбасары, E-1 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің, жоғары тұрған органдардың ішкі саясат, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау, ғылым және білім беру, мәдениет, туризм, спортты дамыту, жастар саясаты, көші-қон және демография мәселелері бойынша шещімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Ұлтаралық қарым-қатынастар аясында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді. Ауданда аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау бойынша қамтамасыз етуге бақылауды іске асырады. Қоғамды біріктіру және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын және «Жарнама туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіреді. Эвакуациялық комиссиясының жұмысын бақылайды. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есебін жүргізу бойынша комиссияның жұмысын бақылайды. Аудан әкімі жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын бақылайды. Ауданның кәмелетке толған тұлғаларына қамқоршылық және қорғаншылық белгілейтін органның жұмысын бақылайды. Аудан тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссиясының жұмысын бақылайды. 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығына дейін 6 айдан кем емес мерзім жұмыс істеген тұлғаларға еңбек өтілін белгілеумен айналысатын арнайы комиссияның жұмысын бақылайды. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету үшін жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерді есепке қосу жөніндегі комиссияның жұмысын бақылайды. Жетісу ауданы бойынша қала әкімі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жұмысын бақылайды. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша комиссиясының жұмысын бақылайды. Спортшыларға спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша жұмысты бақылайды. Тұрғындар арасында мәдени-спорттық жұмыстарды ұйымдастырады. Өз құзыреті шегінде партиялармен, қозғалыстармен, діни бірлестіктермен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен байланысты жүзеге асырады. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамымен, қайырымдылық қорлары, Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен, ардагерлер мен зейнеткерлер Кеңесімен, мүгедектер қоғамдық бірлестігімен өзара әрекеттеседі. Шығармашылық одақтармен, мәдениет үйлерімен, кітапханалармен, әскери-патриоттық және спорттық клубтармен, аула клубтарымен жұмыс атқарады. БАҚ және жарнама агенттіктерімен байланысады. Аудандық қорғаныс басқармасының құзыреті шегінде әскерге шақырту және жұмылдыру мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіреді, сондай-ақ ауданда орналасқан әскери бөлімдермен байланыс орнатады. Әлеуметтік шиеленістерді жою және әлеуметтік қақтығыстарды шешу үшін ұсыныстар жасау және уақтылы шаралар қабылдау, ауданда саяси ахуалды үйлестірумен және перспективаларды болжау, зерттеумен айналысады. Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығымен өзара әрекеттеседі, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға, басқа тілдерді дамытуға жағдай жасайды және тілдік нормалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (құқық және экономика негіздері және/немесе кәсіптік оқыту және/немесе тарих және/немесе математика және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе информатика және/немесе педагогика және психология және/немесе алғашқы әскери дайындық және/немесе дене шынықтыру және спорт және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану және/немесе шет тілі: екі шет тілдер); қызметтер (әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және/немесе әлеуметтік жұмыс және/немесе мәдени-тынығу жүмысы және/немесе логистика (сала бойынша) және/немесе туризм ); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар және/немесе философия және/немесе филология және/немесе тарих және/немесе мәдениеттану және/немесе дінтану және/немесе аударма іс); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе саясаттану және/немесе экономика және/немесе психология және/немесе әлеуметтану және/немесе әлемдік экономика және/немесе қоғамдық байланыс және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары (математика және/немесе география); өнер (музыкатану және/немесе дәстүрлі музыкалық өнері және/немесе өнертану және/немесе мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау).

  1. Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары, E-1 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Қала және аудан әкімімен қабылданған шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының сәйкесінше орындалуына, әкімнің ресми интернет-ресурсына мемлекеттік тілдің енгізілуіне жеке жауапкершілікте. Әлеуметтік сала бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады. Қалалық Ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, білім беру, мемлекеттік тіл саясатын дамыту, тұтынушылар құқығын қорғау басқармаларымен, аудандық білім беру бөлімімен, емдеу-сауықтыру мекемелерімен, аудандық ішкі істер басқармасымен, ардагерлер кеңесімен, мүгедектер қоғамымен, көп балалы отбасылар одағымен, діни және қоғамдық ұйымдармен, партиялармен, ұлттық-мәдени орталықтармен, жоғары, орта оқу орындарымен, БАҚ құралдарымен әрекеттеседі. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссияны, туберкулездің, венерологиялық аурулар, жұқтырылған қоздырғыш тапшылығы белгісінің, алкоголизмнің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі комиссияны, Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарды тіркеу және есепке алу, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияны, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр кезеңінде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі комиссияларды басқарады. «Балапан» бағдарламасы бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қояды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы талаптарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Құзыреттілігі шегінде азаматтардың өтініштерін қарайды және оларды қабылдауды жүргізеді. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға және бекітілген істер номенклатурасына сәйкес құжаттардың сақталуына және іс жүргізілуіне жауапты. Мемлекеттік меншіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырып отырады. Ішкі еңбек тәртібі ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы жұмысын қадағалайды. Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын бұзатын әрекеттерден аулақ болуға міндетті.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі құқық (құқықтану, халықаралық құқық), экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, психология), қызмет көрсету (туризм, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, әлеуметтік жұмыс), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (мейірбикелік ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина) саласында.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);

2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

           Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

           Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

           Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

           Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені жазады.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының іс- әрекеті мен шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

 

Ескертпе: Алматы қаласындағы карантин режиміне байланысты кандидаттармен әңгімелесу онлайн режимінде өткізілетін болады (ZOOM).

Кандидаттарға шақырту қосымша жіберілетін болады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін

ЖАДЫНАМА

 

Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

ӨТІНІШ

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz