^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 27 мамыр 2020
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 

D-O-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы.

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-3

305 771

398 831

 

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 262-19-09, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының Қалалық жоспарлау және аумақтарды дамытуды үйлестіру қызметінің Медеу ауданы бойынша бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Қызмет жұмысын ұйымдастыру бойынша басшылық ету. Транзиттік-бағдарлық дамыту, көпорталықты, қадамдық қолжетімділік, плейсмейкинг қағидаларында қала аумақтарын қала құрылыстық жоспарлау. Азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтары мен мүдделерін есепке алып, сәулет-қала құрылыстық сапаларды арттыруға бағытталған қала аумақтарында құрылыс салудың заманауи стандарттарын енгізу. Урбанистикадағы үздік тәжірибелерге сәйкес қалалық ортаны жайғастырудың бірыңғай стандарттарының сақталуын жүзеге асыруға қатысу және әзірлеу, оның ішінде жайлы және қауіпсіз жаяу жүргіншілердің, аула кеңістігін, көлік және өзге қоғамдық кеңістікті көріктендіру, оның ішінде халықтың аз қамтылған топтарына қолжетімділік. Аумақтарға жобалау алды талдау жасау, жайлы қалалық орта жоспарлау және қалыптастыру үшін партисипаторлық жобалау қағидасын енгізу арқылы азаматтарға сауалнама жүргізу. Аудандық әкімдіктер және құрылыс салудың әкімшілерімен бірлесіп нақты жоспарлау жобасы, қоғамдық кеңістік жобаларына қоғамдық тыңдалымдар жүргізу. Аудан аумақтарының инвестициялық тартымдылығын жақсарту. Аумақтардың тартымдылығын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау. Үздік әлемдік тәжірибелер бойынша алдыңғы цифрлық технологиялардың көмегімен ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін, жеделдігін және ыңғайлылығын қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алулар көрсету қызметі, олардың сапасын арттыру, клиентке бағдарланған қызметті жақсарту және мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру бойынша қызметті жүзеге асырады. Алматы қаласын дамытудың Бас жоспарын және қала құрылыстық жоспарлау аумақтарының Алматы қаласына ықпал ету аймағының кешенді схемасын әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу. Эскиздік жобаны келісу, көтергіш және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге қатысы жоқ бұрыннан тұрған ғимараттар, жайларды (жекелеген бөліктерін) қайта жаңғыртуға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) шешім беру, діни ғимараттар (имараттар) құрылысы, олардың орналасқан орындарын анықтау туралы шешім, ғимараттарды (имараттар) діни ғимараттар (имараттар) етіп бейінін өзгерту туралы шешім беру, елді мекеннің сызығында объект құрылысы үшін жер учаскесін беру бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің мерзімдерін, сапасын бақылау. Қаланың тиісті ауданының аумақтарында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыстық саясатты жүргізу; қала құрылыстық тәртіпті, құрылыс салу ережелерін сақтай отырып, бекітілген қала құрылыстық құжаттамаға сәйкес құрылыс жобаларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу, бөлімнің жұмысы бойынша ай сайынғы және жылдық есеп берулерді дайындау. Өз құзыреті шегінде қойылған міндеттердің орындалуы, оның ішінде кіріс корреспонденцияларының сапасы және қарау мерзімдеріне және мемлекеттік қызмет көрсетулер қызметі бойынша дербес жауап береді. Қызметке қатысты мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады.  

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі өнер (сәулет) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс ) саласында.

Алматы қаласы Туризм басқармасының Туристік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметін ұйымдастырады; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, туристік қызмет мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органның қаулыларын бақылауды және уақтылы орындауды қамтамасыз етеді; туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының іске асырылуын және туристік ұйымдар мен азаматтардың нормативтік құқықтық актілерінің, тапсырмаларының, өтініштері мен өтініштерінің уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады; туризм саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;; экономиканың дәстүрлі салаларынан экономикалық драйверге көшу бойынша кәсіпкерлік субъектілерін уәждейді туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды; басқарма қызметінің бағытын, туризм саласындағы өз құзыретіне кіретін міндеттерді орындаудың нысандары мен әдістерін айқындайды; Алматы қаласы мен Алматы агломерациясының тау-кен кластерін дамытуға қатысады; Алматы қаласында туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру жөніндегі бөлімнің жұмысын ұйымдастырады.; туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді; туристердің болатын, тұратын және тамақтанатын орындарында сервис пен қонақжайлықты жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; Алматы қаласының аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді; туризммен айналысатын ұйымдармен, мекемелермен, кәсіпорындармен, жеке және басқа да фирмалармен өзара іс-қимыл жасайды; Қазақстан өңірлерімен туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша өзара іс-қимыл жасайды;; бөлімнің жылдық, жарты жылдық, айлық жоспарларының орындалуына бақылау жасайды және жүргізеді; шет тілдерін білу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, маркетинг, дүниежүзілік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе қызмет көрсету (туризм, жерге орналастыру) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі) немесе техникалық ғылымдар жəне технологиялар (автоматтандыру жəне басқару, геология жəне пайдалы қазбалар кен орнын барлау, тау-кен ісі, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын жəне құрастырылымдарын өндіру) саласында.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);

2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

           Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

           Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

           Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

           Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының іс–әрекеті мен шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

 

Ескертпе: Алматы қаласындағы карантин режиміне байланысты кандидаттармен әңгімелесу онлайн режимінде өткізілетін болады (ZOOM).

Кандидаттарға шақырту қосымша жіберілетін болады.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін

ЖАДЫНАМА

 

Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

ӨТІНІШ

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz