^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 27 мамыр 2020
 
     
 
Əкімшілік / Бос орындар
Төменгі болып табылмайтын «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

D-О-2 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

      6) ғылыми дәрежесі;

      7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

max

D-О-2

411 446

536 667

 

  «Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 262-16-09, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Басқарманың материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз етілу мәселесін, жерге орналастыру бөлімі, қаржы жұмыстары бөлімі және жерлерді алып қою және резервке қалдыру бөлімінің қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылыққа алу. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуін бақылау. Мақсатты қолданылу жіктеуіші қарастырылған, жерді аймақтарға бөлу жобаларын, Басқарманың стратегиялық жоспарын, Алматы қаласының жерін оңтайлы түрде қолдану бағдарламасы, жобалары және сызбаларын әзірлеуді ұйымдастыру, жер учаскелерін меншіктенуші және жерді пайдаланушыларды, сондай-ақ, басқа жер қатынасы субъектілерін есепке алуды жүргізу мәселесі, жер учаскелері бойынша қағаз және электрондық тасымалдағышта ақпараттық қалалық мәліметтер жинағы базасын құруға үлесін қосу, көпшілік сервитуттерді бекіту және жою, ауылшаруашылық пайдаланылатын жерлерді бір жерден екінші жерге көшіру жөнінде ұсыныс дайындау. Уақытында Алматы қаласының жерлері бойынша жыл сайынғы балансты құру және орталық уәкілетті органға тапсыру. Жерді пайдалану және сақтау мәселесіне қатысты жобалар мен сызбалар бойынша сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігімен жылжымайтын мүлікке деген құқығын тіркеу органдарымен өзара қарым-қатынас жасау. Белгіленген түрде қоныстандыру және басқа іздестіру жұмыстарын жүргізетін ұйымдармен, басылымды және электрондық БАҚ-тармен қарым-қатынас жүргізеді. Алматы қаласы Әкімінің және Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының сайтына орналастырылатын ақпараттардың жаңарып отыруына және іс жүргізу қызметіне бақылау жүргізеді. Басқармаға бөлінген қаражат көздерінің уақытында, толығымен және мақсатты көзделген түрде пайдаланылуын (игерілуін), сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу ісінің уақытында әрі сапалы түрде жүргізілуін бақылау. Жерді резервке қалдыру, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлі түрде алып қою бойынша ұсыныс дайындау, иесіз жер учаскелерін есепке алу. Жер учаскелерінің бөлінетіндігін немесе бөлінбейтіндігін анықтау.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (геодозия және картография); қызметтер (кадастр және/немесе бағалау және/немесе жерге орналастыру); құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

  1. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: ҚР Конституциясы мен Заңдарының, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің жүзеге асырылуын бақылау; азаматтық бастамаларды қолдау бөлімі, талдау және болжау, әкімшілік-қаржы бөлімдеріне және аудандық аумақтық бөлімдерге өз құзіреттілігі шегінде жетекшілік ету; «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Елбасының жыл сайынғы жолдауларын, ақпараттық-аналитикалық, түсіндірме жұмыстары негізінде жасалған реформаларды насихаттауды және түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету, ұлттық идеология, мемлекеттік рәміздерді насихаттау саласында тәжірибелік шаралар ұйымдастыру; Басқарма басшысының қарауына қаржы жоспарларын ұсыну және олардың орындалуын қадағалау; мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру; ағымдағы жылды қаржыландырудың бюджеттік жоспарын әзірлеу, бюджеттік қаражатты уақытылы игеру, мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінімдері мен бухгалтерлік есептілігінің орындалуын қадағалау; жоғары тұрған органдардың тапсырмалары, құжаттардың уақытылы орындалуына бақылау жасау; қала және аудандардың әкім аппараттарымен, қалалық қызметтің басшылығымен, басқармалар және комитеттердің басшылығымен өз құзыреттілігі шегінде қарым-қатынас жасау; азаматтарды қабылдау нәтижесінде берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; азаматардан келіп түскен өтініштер және хаттармен жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету; Басқарма туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Басқарма құжаттарының ҚР «Мемлекеттік тіл туралы» Заңына сәйкес жүргізілуін қадағалау. Мемлекеттік тілді меңгеру.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білім беру саласындағы (құқық және экономика негіздері, тарих) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе құқық саласы (халықаралық құқық, құқықтану, құқық қорғау қызметі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (менеджмент, қаржы, журналистика, есеп және аудит, саясаттану, экономика, әлеуметтану, аймақтану, әлемдік экономика, қоғаммен байланыс, мемлекеттік және жергілікті басқару) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

  3. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасыбасшысының орынбасары, D-О-2 санаты (1 бірлік).

            Функционалдық міндеттері: Өзіне сеніп тапсырылған құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруы үшін жауапты болады. Сумен жабдықтау объектілерін және газбен жабдықтау жүйелерін басқару бөлімінің, инфрақұрылымдық жоспарлау бөлімінің мәселелеріне жетекшілік етеді. Осы мақсатта басшының орынбасары ұйымдастырушылық-бақылау, жекелеген атқарушылық, кейбір реттеуші функцияларды орындайды: болжамдарды, бағдарламаларды, нормативтік-құқықтық құжаттардың жобаларын, нұсқамалық және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге басшылық жасайды не тікелей қатысады; мемлекеттік және өзге де ұйымдарда басшының келісімі бойынша басқарманың атынан өкілдік етеді; Басқарма қызметінің мәселелері бойынша талдау жұмыстарын жүргізуді және басқарма органына келісу үшін келіп түсетін құжаттардың жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеуге қатысады; жоғары тұрған басшылық қабылдайтын басқарушылық шешімдерді дайындауды, сондай-ақ олардың іске асырылуын талдауды қамтамасыз етеді; материалдарды дайындауға басқа мемлекеттік органдармен жұмыстың қатысуын (үйлестірілуін) қамтамасыз етеді.; халықты және басқа да мүдделі тараптарды жұмыстарды жүргізуді бастау және аяқтау мерзімдері туралы алдын ала (кемінде 3 күн бұрын) хабардар етуді қамтамасыз етеді, азаматтардың өтініштерін қарауды қамтамасыз етеді не қатысады; жоғары тұрған органдарға ақпарат дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау бөлігінде бағдарламалық құжаттарда бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді; коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;; авариялық инженерлік желілерді анықтау бойынша шараларды жүзеге асыруды, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін талдауды қамтамасыз етеді; құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қайта жаңарту және күрделі жөндеу туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну бойынша мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді. Алматы қаласын сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау мәселелері бойынша қысқа - орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған басқарманың стратегиялық жұмыс жоспарларын әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді; "Алматы Су" ҚМКК, "ҚазТрансАймақ" АҚ кәсіпорындарының қызметіне жетекшілік етеді (келісім бойынша); сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады; Алматы қаласын сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау мәселелері; ведомстволық қарасты кәсіпорындардың бақылау кеңестеріне қатысады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе мұнайгаз ісі және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3) тармақшасында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

            1) Өтініш;

            2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 2-қабат, 256 бөлме) тапсырылуы тиіс.

 Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де(Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының іс-әрекеті мен шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

 

Ескертпе: Алматы қаласындағы карантин режиміне байланысты кандидаттармен әңгімелесу онлайн режимінде өткізілетін болады (ZOOM).

Кандидаттарға шақырту қосымша жіберілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылары мен кандидаттары «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

 

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.

Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға.

Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.

Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3) тармақшаcында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

ӨТІНІШ

ҚОСЫМША 3

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz