^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 24 тамыз 2019
 
     
 

 

 

Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы 1963 жылы 13 қазанда туылған. 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институты саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

1992 жылдан 1998 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеген. «Маруе» туристік-коммерциялық фирманың президенті, «Казмет» АҚ-ның бас директоры, «Лукойлнефтегазстрой-К» ЖАҚ-ы бас директорының орынбасары болған.

1998-2002 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.

2002 жылдан 2004 жылға дейін Қазақстанның Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болған. 2004 жылдан 2007 жылға дейін Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік төрағасы болды. 2007 жылдан 2008 жылға дейін Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болды. 2008 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар облысының әкімі болды. 2012 жылы - Экономикалық даму және сауда министрі. 2012-2013 жылдар аралығында «Нұр-Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі қызметттерін атқарды. 2014-2016 жылдар аралығында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды.

2016 жылы Бақытжан Сағынтаев Премьер-Министр болып тағайындалды, бұл лауазымда екі жарым жыл қызмет атқарды. Бұдан соң Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды.

«Құрмет» орденімен (2006 ж), «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен, 1 дәрежелі «Еуразия экономикалық одағын құруға қосқан үлесі үшін» медалімен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының грамотасымен марапатталған.


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56