^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 2 сәуір 2020
 
     
 

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда дүниеге келді. 1985 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

1992 жылдан 1998 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді. «Маруе» туристік-коммерциялық фирмасының президенті, «Қазмет» АҚ Бас директоры, «Лукойлнефтегазстрой-К» ЖАҚ бас директорының орынбасары болды.

1998-2002 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ Басқарма төрағасы, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары болды.

2002-2004 жылдары Қазақстан Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2004 жылдан 2007 жылға дейін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы. 2007-2008 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы. 2008-2012 жылдары Павлодар облысының әкімі. 2012 жылдан бастап Экономикалық даму және сауда министрі. 2012 жылдан 2013 жылға дейін «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Өңірлік даму министрі. 2014-2016 жылдары Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

2016 жылы Бақытжан Сағынтаев Премьер-Министр болып тағайындалып, бұл қызметте екі жарым жыл еңбек етті. Содан кейін Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды.

«Құрмет» орденімен (2006), «Астанаға 10 жыл», «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» мерейтойлық медалімен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының грамотасымен марапатталған.


 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56