^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 23 қыркүйек 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Әкімдіктің нормативті шығармашылық қызметі
2018 жылғы 14 ақпан №1/51 Алматы қаласы әкімдігінің «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі №3/461 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

2018 жылғы 14 ақпан №1/51

Алматы қаласы әкімдігінің «Оралман

мәртебесін беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентін бекіту

туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі

№3/461 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттіккөрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 23 шілдедегі №3/461 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1193 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті, осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші - қон басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Дәрібаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56