^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 17 маусым 2019
 
     
 
Әкімнiң орынбасары
   
 
Аукенов
Ерлан Мұратұлы
Әкімнің орынбасары
 
Қабылдау күндері мен сағаты: Дүйсенбі 14.30 каб 549
 
 
     
   
 
:
+7 (727) 271-65-73
 
 
     

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, қаланың азаматтық қорғанысы, қалалық мобилділік, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары, әлеуметтік әл-ауқат, еңбек, жұмыспен қамту, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, оның ішінде Алматы қаласы әкімдігінің жанынан арнайы құрылған ведомствоаралық комиссиялар арқылы жергілікті деңгейде құқық бұзушылықтар профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру, еңбек және жұмыспен қамту мәселелерін үйлестіреді.

Қалалық мобилділік, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, әлеуметтік қорғау, қоғамдық тәртіпті және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңнаманың, адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастық саласындағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және өзге де ұйымдармен келісілген түрде қызмет етуді және өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.

Мыналардың қызметіне басшылық етеді:

1. Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы;

2. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы.

Мыналардың қызметіне жетекшілік етеді:

1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Метрополитен» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

2. «Алматыэлектркөлігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

3. «Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4. «Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мыналардың жұмысын ұйымдастырады:

1. Алматы қаласы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы;

2. Әскерге шақыру комиссиясы;

3. Алматы қаласының эвакуациялық комиссиясы;

4. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Дағдарысқа қарсы штаб;

5. Алматы қаласы әкімдігінің тұрақты қалалық, қала маңындағы, қалааралық және облысаралық жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстарды өткізу жөніндегі конкурстық комиссия;

6. Алматы қаласы бойынша қалалық қатынастардағы тарифтер жөніндегі комиссия;

7. «Алматы қаласында жеңіл рельсті көлік (жүрдек трамвай) желісін салу және пайдалану» жобасын іске асыру шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы;

8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық комиссия;

9. «Жалғызілікті зейнеткерлерге, мүгедектерге, зейнеткерлік жастағы жалғызбасты жұбайлық және отбасылық жұптарға арналған әлеуметтік тұрғын үй дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қоныстандыру жөніндегі комиссия;

10. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі;

11. Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасылардың) өтініштерін қарау жөніндегі арнайы комиссия;

12. Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясы;

13. Алматы қаласына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссия;

14. Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына түгендеу (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

15. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;

16. Алматы қаласында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб;

17. Алматы қаласының Терроризмге қарсы комиссиясы;

18. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Алматы өңірлік комиссиясы.
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13