^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 20 шілде 2019
 
     
 
Əкімшілік / Əкімдік құрылымы / Әкімнiң орынбасарлары / Тұяқбаев Сапарбек Құрақбайұлы
Әкімнiң орынбасары
   
 
Тұяқбаев
Сапарбек Құрақбайұлы
Әкімнің орынбасары
 
Қабылдау күндері мен сағаты: Сәрсенбі 14.30 каб 614 а
 
 
     
   
 
:
+7 (727) 272-02-85
 
 
     

Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму, тұрғын үй саясаты, кәсіпкерлік және инвестициялар, сауда, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, Алматы қаласы бойынша Индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы н іске асыру, жасыл экономика, оның ішінде көріктендіру, көгалдандыру, табиғатты пайдалану және экология саласындағы мәселелерді үйлестіреді.

Энергетикалық кешен, коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй саясаты, өнеркәсіп, сауда, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, көріктендіру, көгалдандыру, табиғатты пайдалану және экология саласындағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және өзге де ұйымдармен келісілген түрде қызмет етуді және өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.

Мыналардың қызметіне басшылық етеді:

1. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы;

2. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы;

3. Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы;

4. Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы.

Мыналардың қызметіне жетекшілік етеді:

1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы Су холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

2. «Алматы Жылужайэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

3. «Алматы жылу жүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

4. «Алматы» ӘКК» акционерлік қоғамы;

5. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

6. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық ветеринария қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

7. «Алматы тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

8. «Eco Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

9. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

10. «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11. «Тәртіп» акционерлік қоғамы.

Мыналардың жұмысын ұйымдастырады:

1. Алматы қаласының азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссиясы;

2. Алматы қаласының инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссиясы;

3. Алматы қаласының қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссиясы;

4. Алматы қаласының к редиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссиясы;

5. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия;

6. Халықаралық эпизоотиялық бюро сарапшыларының инспекция жүргізуі жөніндегі қалалық штаб;

7. Жануарларға және адамдар денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алып қою және жою, не жануарларға және адамдар денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алып қоюсыз залалсыздандыру және қайта өңдеу кезінде өтеуге жататын құнды айқындау жөніндегі комиссия;

8. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Іскерлік кеңес;

9. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі;

10. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі.

11. Алматы қаласының жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссиясы;

12. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде гранттарды ұсынуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия;

13. Алматы қаласының инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңесі;

14. Жылыту кезеңіндегі жұмысқа қалалық шаруашылықты дайындау жөніндегі штаб;

15. Алматы қаласында бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру үшін мемлекеттік функцияларды белгілеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы;

16. Алматы қаласында қалыпты нанды, бірінші сұрыпты ұнды өндіруге арналған ұн-жарма және нан пісіру кәсіпорындарының тізбесін белгілеу жөніндегі үйлестіру кеңесі;

17. Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясы.
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56