^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 17 маусым 2019
 
     
 
Әкімнiң орынбасары
   
 
Қырықбаев
Арман Оразбайұлы
Әкімнің орынбасары
 
Қабылдау күндері мен сағаты: Жұма 14.30 каб 610б
 
 
     
   
 
:
+7 (727) 271-66-67
 
 
     

Қоғамдық даму, білім, мәдениет, спорт, қоғамдық денсаулық, қаланың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мәселелерді үйлестіреді.

Ұлтаралық қатынастар, гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат, білім, мәдениет, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық денсаулық, қаланың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және өзге де ұйымдармен келісілген түрде қызмет етуді және өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.

Мыналардың қызметіне басшылық етеді:

1. Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы;

2. Алматы қаласы Білім басқармасы;

3. Алматы қаласы Спорт басқармасы;

4. Алматы қаласы Мәдениет басқармасы;

5. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы.

Мыналардың қызметіне жетекшілік етеді:

1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мониторинг және талдау орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

2. «Алматы ақшамы» газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

3. «Газета «Вечерний Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

4. «Оңтүстік астана» телерадиокомпаниясы» акционерлік қоғамы;

5. «Өңірлік коммуникация қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6. Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7. «Алматы қаласы спорттық құрылыстар дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

8. «Мемлекеттік қуыршақ театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

9. «Қазақ мемлекеттік циркі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

10. «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

11. «Алматы әуендері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

12. «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13. «Алматы хайуанаттар бағы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

14. «Орталық мемлекеттік архив» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

15. «Алатау» дәстүрлі өнер театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

16. «Алматы қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Мыналардың жұмысын ұйымдастырады:

1. Алматы қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия;

2. Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы;

3. Балаларға «Үміт» үйіне жолдама беру жөніндегі комиссия;

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша (әлеуметтік-мәдени сала) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық комиссия;

5. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия;

6. Алматы қаласының қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі комиссиясы;

7. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңес;

8. Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы;

9. Алматы қаласында мемориалдық тақталарды орнату туралы құжаттарды қарау жөніндегі комиссия;

10. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес;

11. Алматы қаласы ономастика комиссиясы;

12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия;

13. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы денсаулық сақтау саласындағы пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес;

14. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі;

15. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жөніндегі штаб;

16. Ана, бала өлімін және қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімді азайту жөніндегі қалалық штаб.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13