^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 23 қыркүйек 2019
 
     
 
Əкімшілік / Əкімдік құрылымы / Әкім аппаратының басшысы
Әкім аппаратының басшылық құрамы
       
 
Сәрсенбаев
Талғат Есенәліұлы
Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы
 
 
   
Қоқанбаев
Мұхтар Сәтіллаұлы
Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысының орынбасары
 
тел 272-77-93



Жулин
Юрий Викторович
Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысының орынбасары
 
тел 271-66-96


     
 
           
   
 
Каб 483 б :
+7 (727) 271-66-55
 
 
     

Алматы қаласы әкімі аппаратының қызметіне басшылық етеді.

Алматы қаласы әкімі аппараты бөлімдерінің, Алматы қаласы әкімі кеңесшілерінің және бас инспекторларының өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді. Алматы қаласы әкімі аппараты бөлімдерінің және қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Президентінің, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, Алматы қаласы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін орындауына бақылау жасауды, қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

Алматы қаласы әкімінің бірыңғай кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, Алматы қаласы әкімі аппаратының кадр мәселелерін шешеді, Алматы қаласы мемлекеттік басқару органдары басшыларының еңбек, атқарушылық тәртіпті сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.

Алматы қаласы әкімінің Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Алматы қаласының мәслихатымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, Алматы қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді.

Мынаның қызметіне басшылық етеді:

1. Алматы қаласы әкімінің аппараты.

Мыналардың қызметіне жетекшілік етеді:

1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты;

2. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты;

3. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты;

4. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты;

5. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты;

6. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты;

7. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты;

8. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты;

9. «Алматы қаласының шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

10. «Алматы қаласының салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

11. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Мыналардың жұмысын ұйымдастырады:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылған материалдарды қарау жөніндегі комиссия;

2. Алматы қаласының кадр комиссиясы;

3. Алматы қаласы әкімдігі басқармалары басшыларының қызметін бағалау жөніндегі комиссия;

4. Алматы қаласы әкімі аппараты «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау жөніндегі комиссия;

5. Алматы қаласының Бірыңғай конкурс комиссиясы;

6. Алматы қаласының Бірыңғай тәртіптік комиссиясы;

7. Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген бірыңғай ұйымдастырушы өткізетін мемлекеттік сатып алу тізбесі жөніндегі конкурстық комиссия;

8. Алматы қаласының мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі.

 

 

 

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56