^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 21 мамыр 2019
 
     
 
Қоғам / Азаматтық қоғам / Алматы қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар туралы қысқаша ақпарат

Алматы қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар туралы қысқаша ақпарат

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында статистикалық деректерге сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың саны 20 мыңға жетіп отыр. Әділет органдарының ақпараты бойынша Алматы қаласында тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны 5 863 ҮЕҰ құрайды.

Осы ретте Қазақстанда неғұрлым белсенді қызмет ететін ҮЕҰ Алматы қаласында орналасқан. Мұның басты факторы ретінде Алматы қаласында ҮЕҰ қызметінде белсенділік танытатын республикалық және халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ шетелдік қорлар өкілдіктерінің шоғырлануын атап өтуге болады.

Алматы қаласында үшінші сектор қызмет саласы бойынша ҮЕҰ-дың айрықша әртүрлілігімен ерекшеленеді. Атап айтқанда, 321 ҮЕҰ азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласында қызметін іске асырады. Сондай-ақ ҮЕҰ жастар бастамалары мен балалар шығармашылықтарын қолдау (298), азаматтар денсаулықтарын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау (289) және тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын қолдау (269) салаларында жұмыс жасайды.

Бұдан өзге, ҮЕҰ гендерлік саясат пен демография (129), білім және ғылым (127), қоршаған ортаны және экологияны қорғау (149), мәдениет пен өнерді (130), мемлекеттік тілді дамыту және т.б. салаларда белсенділік танытады.

Үкіметтік емес сектордың қызмет саласы көп жағдайда «Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар, гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР заңында көрсетілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағыттарына топтастырылғанын атап өтуге болады.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13