^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 9 желтоқсан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматы қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

Алматы қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

2016 жылдың 24 маусымында Алматы қалалық сотында «Дауды бейбіт жолмен шешу – қоғамдағы толеранттылық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді Алматы қалалық сотының төрағасы Ештай Ақжан Жайлауханұлы ашты.

Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылық жетекшісі Әбдәлиева Маргарита Әбубакірқызы, «Нұр Отан» АҚФ партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Моргунов Андрей Викторович және «Қазақстан медиаторлары қауымдастығы» ЗТБ бас директоры Жақыпов Жанділда Әжіғалиұлы құттықтау сөз сөйледі.

Кездесу барысында Меморандумға қол қою шарасы өткізілді. Алматы қалалық сотының төрағасы Ештай Ақжан Жайлауханұлы және екінші тарап Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Әбдәлиева Маргарита Әбубәкірқызы арасында ынтымақтастық және медиация институтын дамыту туралы меморандумға қол қойылды.

Кәсіби емес медиаторлар институтын дамытудағы атқарушы органдардың рөлі туралы баяндамамен Алматы қаласының әкімі аппаратының жетекшісінің орынбасары Әнуар Өскенбаев Әуезұлы шықты.Қоғамдағы жанжалдарды басу мақсатында медиацияның кәсіби емес институтын жетілдірудегі ынтымақтастық тақырыбында Алатау аудандық сотының төрағасы – Тілеубаев Дәурен Ниязбекұлы баяндама оқыды.

Модератор: Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы сМәлікұлы Бақыт Мәлік-тегі.

Келесі тақырыптар бойынша баяндама жасаған тұлғалар:

Партисипативті рәсімдеринститутын дамыту: күрделі мәселелері мен келешегі. Баяндамашы: Алматы қалалық адвокаттар алқасы Президиумының мүшесі – Надежда Валерьевна Кусяпова.

Нотариаттағы медиация институтын дамыту. Спикер: Қалабаева Қарагөз – Алматы Нотариалдық палатасының өкілі.

Медиация қолданудың практикалық мәселелері. Спикер: «Қазақстан медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ бас директоры – Жақыпов Жанділда Әжіғалиұлы.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығы жоғарыдағы баяндамаларды талқылады. Әрі қарай модератор рөлін азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасының судьясы, келісу рәсімдерінің үйлестірушісі Кожаханова Гульнара Сейфуллақызы атқарды. Сонымен бірге жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері баяндама жасады.

Соңғы сөз Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі аппеляциялық сот алқасының төрағасы – Бақыт Мәлікұлы Мәлік-тегіне берілді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56