^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 9 желтоқсан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі республикалық Достық үйінде азалы жиын өткізді

Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі республикалық Достық үйінде азалы жиын өткізді

        2016 жылдың 19 шілдесі күні республикалық Достық үйінде Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі Алматы қаласындағы террористтік шабуылға байланысты азалы жиын өткізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы мен мүшелері, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, Алматы қаласының аудандық Мәслихат депутаттары, қала жұртшылығы, республикалық «Жарасым» жастар ұйымы қатысты.

Отырысты бастап, жүргізген КХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы - Ни Л. А. Жиналысқа Қазақстан Республикасының парламенті Мәжілісі депутаты - Микаелян Н.Г., Алматы қ. ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты - Ниязова Н. И., Алматылық корей ұлттық орталығының төрағасы орынбасары Кан Г. В., “Генералдар кеңесі” РҚБ Президиумы төрағасының орынбасары - Телегусов М.У., Алматы қаласы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ директоры – Кобеева А. О., «NOAR» ЖШС өкілі - Курбанова Р., қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының жолдауын «Жарасым» Республикалық жастар ұйымы төрағасының орынбасары Кайрыев Р. оқыды.

         Жиналыста сөйлегендер 2016 жылдың 18 шілдесі күні Алматыдағы террористтік шабуылдан қаза тапқандардың отбасыларының қайғы- қасіреттеріне ортақтасты. Елбасының елдегі қауіпсіздікті нығайтудағы, халықты информациялық алаңдағы арандатуға бой бермеу, терроризмге бірге төтеп беру, бірлігімізді сақтау, бейбітшілік пен тұрақтылық – мемлекеттің басты құндылығы жайлы мәлімдемесіне толығымен келісіп қолдау көрсетті.

Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы аяқталу барысында қатысушылар материалды қолдау ретінде ақшалай қаражат ұйымдастырып, шабуылдан қаза тапқандардың отбасыларына аттанды.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56