^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 9 желтоқсан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы оқиғалардың 100 жылдығы: тарих тағылымдары және қазіргі заман»

«Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы оқиғалардың 100 жылдығы: тарих тағылымдары және қазіргі заман»

2016 жылғы 30 маусымда Достық үйінің дөңгелек залында «Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы оқиғалардың 100 жылдығы: тарих тағылымдары және қазіргі заман» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қаласы Достық үйінің жұмысын қамтамасыз ету қызметінің, «Интеллект Орда» халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ықпалдастыру институты, ҚР Ұлттық кітапханасы, «Ұлағат» ХИББО қолдауымен өтті.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрылу жолында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихи маңызын түсіну; ағымдағы білімге негізделген маңызды тарихи оқиғалар, себептері мен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қозғаушы күштердің рөлін объективті бағалау; «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы тұрғысынан білім беру әлеуетін нығайту үшін кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал жасау; жас ұрпаққа тарихи білім беру және қазақстандық патриотизмді нығайту қағидаттарын, жастар арасында ұлттық тарихқа қызығушылығын арттыру. Аталмыш дөңгелек үстел жұмысына қатысуға белгілі тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар, ғылым өкілдері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, « Жарасым» республикалық жастар ұйымы, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері және т.б. қонақтар шақырылды.

«Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы оқиғалардың 100 жылдығы: тарих тағылымдары және қазіргі заман» тақырыбында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан көрме де ұйымдастырылды.

Алғы сөзді Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мамсуров Казбек Владимирович бұл оқиғаның Тәуелсіз Қазақстан жолында алар орны маңызды екенін айтумен бастады. Дөңгелек үстел модераторы болған тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, «Интеллект Орда» халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ықпалдастыру институтының бас директоры Мәжитов Саттар Фазылұлы «Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жыл: ХХІ ғасырдағы көзқарас» атты баяндамасын жасады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысы барысында: Урашев Сұлтан Аюпұлы – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, тарихшы, өлкетанушы «1916 жыл: бір бұйрықтың тарихы» атты тақырыпта, Сиқымбаева   Дамира Әлиқызыфилософиядокторы, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты Саясаттану бөлімінің ғылыми қызметкері «1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің ұлт бірлігін нығайтудағы саяси маңызы» тақырыбында, Ксенжик Галина Николаевнатарих ғылымдарының докторы , Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі «1916 жылғы Жетісу көтерілісі - картографиялық құжаттарда» атты баяндамаларын оқыды.

Баяндама жасаушылар алдында өз ойын ортаға Алматы қаласы ҚХА жанындағы ҒСТ мүшелері: «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» РҚБ в ице-президенті, Т. Рысқұлов атындағы экономика университетінің проффесоры, тарих ғылымдарының докторы К ан Георгий Васильевич, Алматы қаласы мен Алматы облысы Түркмен қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы, UIB университетінің доценті, эконимка ғылымдарының кандидаты Аннакулиева Гульнар Атаевна өз пікірлерімен бөлісті.

Дөңгелек үстел жұмысы соңында барлық қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, резолюция қабылданды. Сонымен қатар, Алматы қаласы ҚХА төраға орынбасары Мамсуров Казбек Владимирович қатысушыларға еңбектері үшін шынайы ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар табыс етілді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56