^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 9 желтоқсан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Мейірім жұлдыздарды жандырады» балалардың қайырымдылық мерекесі

«Мейірім жұлдыздарды жандырады» балалардың қайырымдылық мерекесі

2016 жылғы 24 мамыр күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің қорында Марат Оспанов атындағы ҚҚ ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен басқа да қор серіктестерінің қолдауымен дәстүрлі түрде өткізілетін «Мейірім жұлдыздарды жандырады»

балалардың қайырымдылық мерекесі өтті.

Аталмыш шараға Алматы қаласы мен Алматы облысының арнайы түзету мектеп-интернаттары мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты.

Шараның басты мақсаты арнайы түзету мектеп-интернаттары мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің ішінен шыққан талантты балаларға қоғамдық назар аудару, олардың әрі қарай шығармашылық дамуына ықпал жасау.

Мерекелік бағдарлама барысында балаларға мынандай шаралар ұйымдастырылды: «Мейірім-2016» балалар шығармашылығының конкурсының жеңімпаздарының шеруі, талантты балаларға дипломдар, естелік сый-сыяпаттар табысталған салтанатты марапаттау рәсімі, Алматы бизнес колледжінің студенттері қатысқан флеш-моб, интерактивті алаңдардың жұмысы. Барлық балалар сыйлықтар алып, әр түрлі тәттілерден, тәтті тоқаштардан, балмұздақ пен шырыннан дәм татты.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56