^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 9 желтоқсан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Достық үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесу өтті

Достық үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесу өтті

2016 жылғы 3-тамызда Алматы қаласындағы Достық үйінде Ұлт жоспары «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» және болашағы біртұтас Ұлт қалыптастыру идеясын талқылау мақстатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сейдуманов Серік Тұрарұлымен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының өкілдері, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Достық үйінің қызметкерлері, ЭМБ жастары және БАҚ өкілдері қатысты. Отырысты Алматы қаласы ҚХА төраға орынбасары Мамсуров Казбек Владимирович ашты. Сейдуманов Серік Тұрарұлы отырыс барысында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясындағы атқарылған жұмыстардың қорытынды ақпаратын беріп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының ендігі тапсырмалары жөнінде баяндады.

Аталмыш кездесу барысында қатысушылар өздерінің сындарлы пікірлерімен бөлісіп, «Барбанг» Қазақстан күрдтер қауымдастығының төрағасы Мирзоев К.И , «Ахыска» түрік орталығы төрағасының орынбасары Асиев Ш.А., «Вайнах» шешен және ингуш қауымдастығы төрағасының орынбасары Хажалиев А.А., Түркмен этномәдени бірлестігінің төрайымы Аннакулиева Г.А., Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Ушуров А.А., «Қазақстан орыстарының мәдени орталығы» ҚҚ төрағасы Лукашов В.А., ҚХА мүшесі Оспан А., Алматы қаласы кәрістерінің ұлттық орталығы төрағасының орыбасары Кан Г.В., Қазақ спорт және туризм Академиясының профессоры Билялова Г.К., Алматы қ. «Авиценна» тәжік мәдени орталығының төрағасы Ташпулатов Б.Т., Қазақстан казак, славян және орыс қауымдастығының мүшесі Бугакова З.М. өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара соңында «Қазақстан орыстарының мәдени орталығы» ҚҚ төрағасы Лукашов В.А. әлеуметтік желілердегі қатысушылардың әрқайсысы өз парақшаларында қазақстандық бірегейлікті нығайту және кешенді азаматтық қоғамдастық қалыптастыруға жағдай жасаудағы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру үшін Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Ұлт жоспары «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам» мен «Мәңгілік Ел» бағдарламасын іске асыру мақсатында оқып, сол туралы жазуға белсенді атсалыса отырып, «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» патриоттық акциясын іске асыруға шақырды.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56