^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 9 желтоқсан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Халықаралық балаларды қорғау Күніне арналған қайырымдылық концерт

Халықаралық балаларды қорғау Күніне арналған қайырымдылық концерт

2016 жылғы 4 маусым күні Мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театыры алдындағы алаңда Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық концерт өткізілді. Концерт Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Іс-шараға Астанадан келген қонақтар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, қайырымгерлер мен меценаттар, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері  қатысты.  

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмет Сейдрахманұлы Мурадов құттықтау сөз сөйледі. Ахмет Сейдрахманұлы қайырымдылық іс-шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, 1 маусым Халықаралық Балаларды қорғау күні аясында Астанада «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының бастамасымен кішкентай Темірлан Сейчановқа көмектесу үшін қайырымдылық концерт өткізілгенін айтты. Онда баланың ем-домына деп 907 000 теңге қаражат жиналған. Қайырымдылық пен өзара көмек көрсету Қазақстан халқының басты ерекшелігі болып табылады. Біздің күшіміз бірлікте, осы дәстүріміз сарқылмасын.

 Сондай-ақ іс-шарада Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова мен Астана қаласындағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы Салман Героев қала қонақтары мен қатысушылар алдында сөз сөйледі.

Қайырымдылық концертте этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарынан өзге, эстрада жұлдыздары да өнер көрсетті. Олардың қатарында Ингушетия Республикасының халық әртісі Алаудин Эсмузиев, қазақстандық әнші Парвиз Назаров, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының  солисі Олег Татамиров және басқалар болды.

Қайырымдылық іс-шара аясында 10 этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті. Бұдан өзге балаларға арналған қолөнер мен сәндік өнерінің жәрмеңкесі, сондай-ақ, балалар арасындағы асфальтта сурет салу көрмесі ұйымдастырылды.

Қайырымдылық концерттің барысында 400 000 теңге қаражат жиналды.

Акция шеңберінде жиналған қаражат 2011 жылы туылған Амина Сапар мен 2000 жылы туылған Зарина Ауғамбайды емдеуге және оңалтуға жұмсалады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

;

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56