^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 19 қараша 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің қолдауымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің қолдауымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

22 тамыз 2016 жылы «Lumiera» miniplex» кинотеатрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мейірімділік керуені» аясында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Акцияның мақсаты: Акцияны өткізудегі мақсат – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде және әлеуметтiк себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету.

Іс-шарада 200 жуық оқушыларға мектепке қажетті сөмкелер, құрал-жабдықтар сыйға тартылып, ата-аналар мен оқушыларға «Үй жануарларының құпия өмірі» атты балаларға арналған фильм көрсету ұйымдастырылды.

Акцияда Алматы қаласының 8 ауданынан келген балалар, Алматы қаласы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мен «Алматы қаласы Білім басқармасының кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу үйі» КММ балалары қатысты.

Іс-шара Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің, «Заңғар» ҚРСҮ АҚ, «Lumiera» miniplex» кинотеатры, «Нағыз буратино» брендімен «Caspian Beverage Holding» АҚ, Алматыны ұсынатын ғылыми-танымдық «Шоу сумашедшего  профессора Николя», «Ойын-сауық ғылымы» ЖШС, «Инмарко» сауда маркасымен «Юнилевер» компаниясының қолдауымен өтті. Аталмыш шараны Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесі мен Қоғамдық келісім кеңесі ұйымдастырды.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56