^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 19 қараша 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматыда 300 жуық ақ жаулықты аналар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Алматыда 300 жуық ақ жаулықты аналар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

29 тамыз 2016 жылы Алматы қаласында Елбасының Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жарияланған «Әлем. XXI ғасыр» манифестін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында республикалық «Ақ орамал» акциясы өтті.

Іс-шара Достық үйінде ядрорлық сынақтардың құрбаны болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды. Еліміз үшін ядролық полигонның жабу маңыздылығы атап өтілді. Өз уақытында бұл қасірет талай адамның өмірін жалмап, кемтар, мүгедек еткен болатын.

Содан кейін іс-шара қатысушылары, оның ішінде Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, Гендерлік саясат және отбасы істері жөніндегі комиссияның мүшелері, Алматы қаласы 8 ауданындағы Көпбалалы аналар одағы, Алматы қаласы Генералдар кеңесі, еңбегі сіңген және құрметті қайраткерлер шақырылып, 28 гвардиялық-панфиловшылар паркіндегі Мәңгілік алау мен ауған-әскерлері ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға аттанды.

Акцияның мақсаты – елдің барша азаматтарын «Ақ орамал» акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру. «Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған: әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған. Ақ орамалдың қазақтардың тарихында философиялық мағынасы  терең. Аталмыш шараны Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесі мен Қоғамдық келісім кеңесі және 8 аудандағы Қоғамдық келісім кеңесі ұйымдастырды.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56