^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 19 қараша 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
IBS GROUP компаниялар тобындағы семинар

IBS GROUP компаниялар тобындағы семинар

2016 жылғы 5 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Перезиденті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің  республикалық әдістемелік медиация кабинеті мен Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы  жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын жұртшылыққа кеңінен таныстыру мақсатында  медиацияның қолданылуы бойынша «Келісу комиссиясының еңбек дауларын қараудағы жұмыс рәсімі» тақырыбында IBS Group компаниясында дөңгелек  үстел өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты  – әр ұжымдағы бірлікті, татулықты сақтау. Түсінбеушіліктен туындайтын дауды дер кезінде шешуге араласу. Осы мақсатта диалог арқылы байланыс орнату.

IBS  Grup компаниялар тобы Қазақстан Республикасындағы банк жүйесін құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін ірі  мекеме, мұнда көптеген ұлт өкілдері жұмыс атқарады. Дөңгелек үстел жұмысына -  компания басшылары, заңгерлер, HR  қызметі, өндіріс басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында «Қоғамдық келісім» РММ-нің жетекші сарапшысы Н. Альтекова Республикалық әдістемелік медиация кабинеті мен Алматы қаласы ҚХА  Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысымен таныстырды. Жұмыс барысында еңбек ұжымдарында кездесетін дау-дамайлардың алдын алу және ҚР Еңбек кодексіндегі тың өзгерістер туралы айтылды. Дау-дамайларды шешуде медиацияны қолдану тәсілдерін жаттықтырушы-медиатор Г.Оразбаева жүргізді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56