^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 19 қараша 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Еңбек дауларын жаңа Еңбек кодексіне сәйкес шешу жолдары» атты семинар өтті

«Еңбек дауларын жаңа Еңбек кодексіне сәйкес шешу жолдары» атты семинар өтті

6 қыркүйек 2016 жылы Алматы қалалық туберкулезге қарсы диспансерде «Еңбек дауларын жаңа Еңбек кодексіне  сәйкес шешу» атты семинар өтті. Ауқымды іс-шараны  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы  «Қоғамдық келісім» РММ-нің республикалық-әдістемелік медиация кабинеті мен  Алматы қаласы ҚХА хатшылығының жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі «Concord Education Center»-мен бірлесе ұйымдастырды.

Семинар өткен қалалық туберкулезге қарсы диспансерді үлкен өзгерістер күтіп тұр. Алдағы уақытта аудандық туберкулезге қарсы диспансерлердің бір орталықтандырылған жүйеде жұмыс істеу жобасы қолға алынбақ. Жаңа жобаға сәйкес, мекемеде қысқартулар, төлемдердің азаюы, аударма, лауазымның сақталып қалуы, т.б. өзгерістер орын алуы мүмкін. Осының барлығы жаңа Еңбек кодексіне сәйкес, жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы келісімді қайта түсіндіруді қажет етеді. Жұмысшылардың еңбек құқығы қалай қорғалатыны да олар үшін өте  маңызды мәселе.

Семинар барысында жетекші  сарапшы Н.А. Альтекова сөз сөйлеп, бұл жағдайда диспансер қызметкерлеріне республикалық медиация кабинеті мен Қоғамдық келісім кеңесі қандай қолдау көрсете алатынын айтты. Іс-шараға қатысқан диспансер қызметкерлері медиация кабинеті мен Қоғамдық келісім кеңесінің мекен-жайларын жазып алып, қандай да бір сұрақтар туындаса хабарласатындықтарын айтып, алғыстарын білдірді.

Ал лектор Г.А. Урозбаева еңбек шартындағы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қатынастар жаңа Еңбек кодексінің қай баптарымен реттелетініне, келісу комиссиясын құру рәсімдеріне, оның жұмысының қағидаттарына жан-жақты тоқтала кетті.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56