^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 19 қараша 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгертулерді талқылау үшін Демократиялық күштер Коалициясының отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгертулерді талқылау үшін Демократиялық күштер Коалициясының отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгертулерді талқылау үшін 2016 жылдың 8 тамызында республикалық Достық үйінде Демократиялық күштер Коалициясының отырысы өтті. Іс-шараға Алматы қаласы ДКК төрағасы және мүшелері, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшелері, Жер реформасы бойынша Республикалық комиссия мүшелері, «Ауыл» ХДПП, «Ақжол» ҚДП қалалық филиалы, Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Қоғамдық келісім» РММ, БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараны Алматы қаласы Демократиялық күштер Коалициясының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Омарбекова Жұлдыз Қажыкенқызы ашып, отырыс барысын жүргізді. Жиын барысында ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының президенті, академик, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жұрынов Мұрат Жұрынұлы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттар партиясы төрағасының орынбасары Сыдықов Төлеген Сейдомарұлы, Қазақстан халықтық Коммунистік партиясы Алматы қалалық комитетінің бюро мүшесі Ақжолов Ерлан Ақжолұлы, құқықтық қызмет көрсету жетекшісі Аукеров Аян Оразбайұлы сөз алып, баяндама жасады. Отырыс соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, жоғары органдарға ұсыныстарын білдірді.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56