^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 9 желтоқсан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматыда «Медовый спас» бал мерекесі өтті

Алматыда «Медовый спас» бал мерекесі өтті

Өткен сенбі күні Алматыдағы 28 Гвардиялық-Панфиловшылар саябағында қазақстандық бал өндірушілердің қатысуымен славян халықтарының «Медовый спас» атты мерекелік жәрмеңкесі өтті. Бал жәрмеңкесіне 20-дан аса қазақстандық омарташы тұтынушыларға өз өнімдерін ұсынды. Отандық өндірушілер жәрмеңкеге барлығы 1,5 тонна бал әкелген. «Жыл сайынғы «Медовый спас» мерекесі дәстүр бойынша жаз айында тұрақты түрде ұйымдастырылады. Бұл мереке – барлығына бақыт, өзара түсіністік, келісім мен бірлікке алып келеді», - дейді Қазақстандағы орыс-славян қауымдастығы және казак ұйымдары басшысы, Алматы қалалық мәслихат депутаты Артур Котёнев. Мерекені тамашалауға келген қонақтарға арнап концерт қойылды. Әр түрлі халық аспаптары ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, балаларға арнап арнайы күлдіргіш сайқымазақ - скоморохтар балалар мен ересектердің көңілін көтерді. Жәрмеңкені Қазақстандағы орыс-славян қауымдастығы және казак ұйымдары, Орыс православ шіркеуі ұйымдастырған.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56