^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 19 қараша 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Отбасы психологиясы күні» фестивалі

Отбасы психологиясы күні» фестивалі

 2016 жылдың 10 қыркүйегінде Алматы қаласы Достық үйінде Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің қолдауымен «Отбасы психологиясы күні» фестивалі өтті.

Фестивальде келген халыққа психологиялық көмек көрсету орталықтары мен мамандардың қызметі ұсынылып, КИДО отбасы және психология орталығы, OMTIME қазіргі заманғы психотерапия және психологиялық орталығы, «Сүт көмек» емізу қауымдастығы, «Періште» бала қауіпсіздігінің орталығы, Елена Шевелеваның «Психология практикасы шеберханасы», TEENS жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жобасы, Терапевт Гульнур Кулкыбаеваның «Бақыттылар билейді» атты би қозғалысы жобасы қызметін ұсынды. Құттықтау сөз сөйлегендер: Әйелдер көшбасшылығы қоры жобасының директоры, Светлана Богатырева; Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, Жакупова Айнур; Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, Колесникова Ольга; Қазақстан немістер «Возрождение» қауымдастығының төраға орынбасары, Елена Кесс; КИДО «Отбасы және психология орталығы» ЖШС директорының орынбасары, Сауле Касымжанова.

Өзекті мәселелер бойынша: көп балаларды қалай тәрбиелеуге болады, отбасы толық болмаса не істеу керек, ерекше қажеттіліктері бар баланы қалай тәрбиелеу керек, бала қауіпсіздігі жайлы семинарлар болса, әйелдер үшін бөлек сабақтар: артық салмақтан құтылу, би сессиясы, сонымен қатар балаларға: ойын терапиясы, құмдық терапия, сурет салу, бұл әлемде өзін түсіну тренингтері өз деңгейінде жақсы өтті.

Фестиваль соңында қатысушылар ұтыс ойынындарына қатысып, бағалы сыйлықтар мен естелік заттарғаие болды.

Іс-шара аумағында алдын ала конкурс форматында жинақталған Қазақстандықтардың өз отбасыларының фотожұмыстары ұсынылған «Менің тамырым» атты фотокөрмесі ұйымдастырылды. Үздік фотосуреттер болып Ақтау қаласы Бақытгуль мен Алматы қаласы Еленанын суреттері бағаланды.

Жеңімпаздар Санкт-Петербургтің атақты психологі Дима Зицердің қолынан ата-аналарымен бірге марапатталды.

Қатысушылардың алғыстары мен көңілдерінің көтеріңкі болуына қарағанда, қазіргі жаңа қоғамда адамдардың күнделікті өміріне психологиялық білімнің маңызы зор екенін көрсетеді.

Отбасы күніне орай ұйымдастырылған фестивальге қатысушылар отбасылық тәлім-тағылым мен пайдалы кеңестер алып қайтты.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56