^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 6 желтоқсан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы»

2016 жылғы 19 қарашада Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ұйымдастырылған « Алматы қаласы өзбек этномәдени орталығы» ҚБ құрылуының 10 жылдығына арналған «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты салтанатты іс-шараболып өтті.

Іс-шара ұйымдастырушылары   -  Алматы қалалық ҚХАХ, Алматы   қаласы  әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен   Алматы қаласындағы өзбек этномәдени орталығы,   Алматы   қаласындағы  республикалық Достық үйі жұмысын қамтамасыз ету қызметі.

Іс-шараға қатысқандар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары; Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары; Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері; республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері; өңірлік өзбек этномәдени бірлестіктерінің мүшелері.

Іс-шараны ашып, жүргізген - Астана қалалық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Ш. Пулатов.

Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Алматы қалалық этномәдени бірлестігін мерейтойымен ҚХА төрағасының орынбасары Халмурадов Р.С. құттықтады.  

ҚХА төрағасының орынбасары Питаленко Л.Н. жиналғандарды құттықтай отырып, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Н.Калашникованың құттықтау хатын оқып берді.

Алматы қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің алғашқы төрағасы Журакул Ходжанов аталған орталықтың құрылғаны, оның бастапқы қызметі, құрылуына атсалысқан адамдар туралы баяндады.

Этномәдени бірлестіктің мәдени өзгешелікті сақтауға, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға,  жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған қазіргі қызметі туралы Алматы қаласы өзбек орталығының төрағасы Абдулла Исматуллаев баяндады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Каратаев Ф.А., Алматы қаласындағы «Ахыска»түрік орталығы төрағасының орынбасары Касимов К.Т., Алматы қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Абдалиева М., Алматы қаласы ұйғыр орталығының төрағасы Ушуров А.А. сөз сөйледі.

Барлық сөз сөйлегендер өзбектердің Қазақстандағы ірі этностардың бірі ретінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени ортасына ықпалдасқандығын атап өтті. Бүгінгі таңда өзбектер еліміздің қоғамдық өмірінде өзіндік орнын алып, Қазақстан Республикасының толық құқылы азаматтары болып табылады.

Өзбек этносының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтауға, дамытуға және насихаттауға барлық жағдай жасалған. Өзбек театры қызмет көрсетіп, өзбек тілінде газет басылып шығарылады. Теледидар және радио арналарында өзбек тілінде хабар таратылады. Театр, газет, хабар тарату қызметі мемлекет тарапынан қаржыландырылады.

Исматуллаев Абдулла басқарып отырған Алматы қалалық өзбек этномәдени орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді қоғамдық бірлестігі болып табылады.

Салтанатты іс-шара аясында бірлестіктің ең белсенді мүшелерін марапаттау рәсімі болып өтті.

Салтанатты іс-шара ұйымдастырушылары барша жиналған қауымды Қ.Қожамьяров атындағы ұйғыр мемлекеттік музыкалық комедия театрында болып өтетін «Отаным менің - Қазақстан» кітабының тұсаукесері мен Шымкент қаласындағы өзбек драма театрының «Қожанасыр Сайрамда» атты музыкалық комедия қойылымын тамашалауға шақырды.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56