^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 24 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Қазақстаным – өмірім мен тағдырым» конференциясы

2016 жылғы 24 қазанда Алматы қ. Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстаным – өмірім мен тағдырым»  конференциясы өтті.

Іс-шараға Алматы қ. мәслихатының депутаттары, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, Алматы қ. ҚХА мен Алматы қ. республикалық Достық үйінің қызметкерлері қатысты.    

Конференция ұйымдастырушылары «Алматы қ. ұйғырлар мәдени орталығы» атты қоғамдық бірлестігі.

Конференция модераторы  Алматы қ. ұйғыр орталығы Аналар кеңесінің төрайымы А.Т.Ахметова болды.    

Алматы қ. ұйғырлар мәдени орталығының мүшесі Илиева Уркиз өзінің баяндамасында «Қазақстан Республикасы 25 жыл ішінде ерекше жетістікке жетті.  Ұйғыр әйелдері барша қазақстандықтармен бірге Отаңымыздың дамуына  қосқан өз үлесін мақтан тұтады», деді.  Ол 25 жыл бойы   бизнеспен айналысады. Бүгінде мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау арқасында Илиева Уркиз еліміздің қоғамдық өміріне де белсенді қатысады.

Тажгуль Хизъярова «Азия сегодня» ұйғыр газетінің редакторы өз сөзінде  Қазақстан әлемде полиэтникалық және поликонфессиалық мемлекеттерінің бірі болып табылатындығын атап өтті. Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілікті, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттауға зор үлесін қосуда.

Алматы қ. № 10 поликлинниканың отбасылы дәрігері Имиева Зарина «Ұлт болашағы – дені сау бала» баяндамасын, ал Қазақстан ұйғырлар қауымдастығының «Ақ барат» журналының атқарушы директоры Искандирова Гульназ «Тату отбасы – мейірімді көршілер» баяндамасын оқыды.

Ұйғыр ауданы Ақсу ауылынын мұғалімі Исраилова Рукиям өзінің баяндамасында Қазақстанда тұрып жатқан барлық этнос өкілдерінің тілін, салт-дәстүрін сақтауға барлық мүмкіндіктер жасалатынын атап,  ауылдағы мектеп оқушыларымен өткізілетін іс-шаралар туралы айтты.  

Сондай-ақ, конференция аясында Хуршидо Илахунованың «Жутум анам пурайду» атты кітабының тұсау кесері өтті.

Іс-шара соңында Алматы қ. ұйғырлар мәдени орталығының ең белсенді қатысушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаттарымен марапатталды.  

Конференцияның қонақтары мен қатысушылары ұйғыр мәдениеті орталығы «Долан» өнерпаздық үйірмесінің вокал тобы және би ұжымының қатысуымен өткен мерекелік концертті тамашалады. 

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56