^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 24 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Фотоэкспозиция мен көрме өткізілді

2016 жылғы 27 қарашада Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» атты Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күнін жүзеге асыру аясында «Үлкен ел - Үлкен отбасы» фотоэкспозициясы мен Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің Тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында фотосуреттер көрмесі де болып өтті. Бұл көрменің басты мақсаты - мәдени, тарихи құндылықтарды сақтау және өнер арқылы халыққа тарату; адамдар арасындағы достық пен түсіністікті нығайтуға үлес қосып жүрген танымал тұлғалардың бейнесін көрсету, Қазақстанды мекендейтін түрлі этностардың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрімен таныстыру. 

Этномәдени бірлестіктер ұйымдастырған көрме Қазақстан халқы ассамблеясының Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген жетістіктерін айқындайды.

Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері; Түрікменстан Елшілігінің Қазақстан Республикасындағы консулы; Алматы қалалық этномәдени бірлестіктері; этномәдени орталықтардың жастары; «Жарасым» республикалық жастар ұйымының мүшелері; Алматы жоғары оқу орындары жанындағы «Жарасым» жастар клубының мүшелері; Т. Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының оқытушылары мен білімгерлері; ЭМБ шығармашылық ұжымдары; БАҚ өкілдері.  

Салтанатты  іс-шараны Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Питаленко Л.Н. алғысөз сөйлеп, ашты.

Сөз сөйлегендер: «Барбанг» Қазақстан күрділері қауымдастығының төрағасы Мирзоев К.И.; Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары үйлестіру кеңесінің мүшесі, «Халық қаһарманы» республикалық сыйлығының лауреаты, ардагер Осипов А.А.; Алматы қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мамсуров К.В.; Түрікмен этномәдени бірлестігінің төрайымы Аннакулиева Г.А.; «Жарасым» республикалық жастар ұйымы төрағасының орынбасары Кайрыев Рустам. 

Іс-шара қонақтары мен қатысушылары үшін мерекелік концерттік бағдарлама дайындалды.  Мұнда «Дала сазы» домбырашылар ансамблі, «Бірлік» қарашай-балқар этномәдени орталығы жанындағы «Минги Тау» би ұжымы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының магистранттары,  «Жарасым» РЖҰ шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56