^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 24 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Жалпыреспубликалық шығармалар байқауы өтті

Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қазақстан халқын рухани-мәдени тұрғыдан топтастыру, елдің сабақтас және озық дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28 наурыздағы №220 Жарлығымен «Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу  тұжырымдамасы бекітілген.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеудің негізгі мақсаты - мемлекеттіліктің, халықтың бірлігі мен барша қазақстандықтың «Мәңгілік Ел» құндылықтарының аясында топтасуын одан әрі нығайту болып табылады.

21 қараша мен 15 желтоқсан аралығында жер-жерде қоғамның топтасуы мен бірігуіне бағытталған «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» атты Тәуелсіздіктің мызғымас негіздерін білдіретін 25 жұлдызды күн өткізілмек. 24 қараша күні мемлекеттік тілге арналған. Күннің іс-шаралары Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын кеңінен насихаттауға және Мемлекет басшысының «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі мемлекет» Ұлт жоспарында ұсынылған үш тілде білім беру саясатын ілгерілетуге арналады.

Осыған орай, 2016 жылғы 24 қарашада сағат 11-00-де Достық үйінің баспасөз залында Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында қазақ тілінде жазылған республикалық шығармалар байқауы болып өтті.

Шығармалар байқауын өткізу мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру; аса маңызды рухани құндылық болып табылатын қазақ тілі мен әдебиетіне деген жас ұрпақтың сүйіспеншілігін қалыптастыру; Қазақстан Республикасы азаматтары арасында патриотизм сезімін қалыптастыру; Тәуелсіздік, бейбітшілік және қоғамдық келісім идеяларын дамыту; тұлғалық дүниетаным қасиетін нығайтатын шығарма жазу дәстүрін қайта жандыру.

Іс-шараны ашып, жүргізген «Ұлағат» халықаралық инновациялық білім беру орталығы Мемлекеттік тілді үйрету бөлімінің жетекшісі Анар Бейсенқызы. Сондай-ақ ҚР қоғам қайраткері, ҚХА мүшесі Осман Асылы Әлиқызы; «Ахыска» республикалық түрік орталығы төрағасының орынбасары Асиев Шахисмаил Ахметұлы; «Қазақстан дүнгендері қоғамы» ҚБ төрағасы Войнце Абубакир Вайсырович сөз сөйледі.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері; этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептердің білімгерлері; Халықаралық Бизнес Университеті/UIB; Алматы Экономика және статистика академиясы;   Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Назарбаев зияткерлік мектеп оқушылары; №39 лицей білімгерлері, т.б. қатысты.

Шығарманы мына жанрлар бойынша жазу ұсынылды: әңгіме, ертегі, хат, сырттай экскурсия, очерк, сөз, эссе. Әр қатысушы шығарма жазу жанрын өз еркімен таңдады.

Байқау қатысушыларының жұмыстарын бағалап, жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылды. Оның құрамына Алматы қаласындағы қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімдері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары мен магистранттары, Алматы қалалық білім беру басқармасының маманы, мемлекеттік тілді үйрету мекемесінің әдіскерлері, Достық үйінің қызметкерлері кірді.

Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды. Үздік шығармалар республикалық деңгейде өтетін 2-айналымға жіберілді. Республикалық байқау жеңімпаздары Астана қаласында болып өтетін «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылайтын салтанатты іс-шараға қатысады. Үздік шығармалар ҚХА сайтында орнықтырылатын болады.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56