^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 14 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Олжас и я» және «Осенённый выдохом вечности» атты кітаптарының тұсаукесері өтті

10 желтоқсан 2016 жылы Алматы қаласындаДостық үйінің Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» атты Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күнінің аясында Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің мерейтойына арналған «Олжас и я»және «Осенённый выдохом вечности» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Калашникова Наталья – ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім РММ директоры, Олжас Сүлейменов – Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері, Ермек Алданов – «Олжас и я» атты кітабының авторы, тележурналист, саясаттанушы, қоғам қайраткері, Нұрлан Оразалин – ҚР Жазушылар одағының төрағасы, Гирш Леонид Юзефович – Ұлы Отан Соғысының ардагері, Қазақстан халқы Ассамблея мүшесі , Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлы – ақын, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Сафар Абдулло – шығыстанушы ғалым, «Олжас кітапханасы» баспасының директоры, Мирзоев Князь Ибрагимович – «Барбанг» Қазақстанның күрдттер қауымдастыгының жетекшісі және де Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауымның өкілдері, Алматы қаласы жұртшылығы, Олжас Сүлейменовтың әріптестері, достары, сыныптастары мен курстастары қатысып, құттықтау сөзері мен жылы лебіздерін білдірді. Салтанатты рәсімнен кейін, Ұлы Отан Соғысының ардагері, Қазақстан халқы Ассамблея мүшесі Гирш Леонид Юзефовичті «За оборону Курска» медалімен марапатталды.

Аталмыш шығармашылық жобаның авторы, «Мәдениет» халықаралық қорының кеңесшісі Ермек Алдановтың айтуынша, Олжас Омарұлының жан-жақты да жарқын тұлғасы - баға жетпес қазына. Ақынның «Земля, поклонись человеку» поэмасы жарық көргенде қазақ даласын орысша жырлаған нағыз жұлдыздың пайда болғаны бірден анық болды дейді. Осы поэманың арқасында ақын да, еліміз де бүкіл әлемге әйгілі болған. Аталған шығармалар жинағына Олжас Омарұлын танып, білетін және оқырмандарды «өз Олжасымен» таныстыруды ниет еткен белгілі тұлғалардың очерктері, эсселері, әңгімелері кіргендігін тілге тиек етті.

Қорытынды сөзді Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері Сүлейменов Олжас Омарұлы алып, кітаптың авторына және жарыққа шығуына атсалысқандарға, барша жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56