^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 9 желтоқсан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматы қаласында « Н.Ә. Назарбаевтың 5 институционалдық реформасы жайлы ақпаратты түсінікті әрі қол жетімді қылу» атты семинар өтті

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын орындау барысында 2016 жылдың 29 қарашасында Достық үйінде ақпараттық-насихаттау активінің мүшелерімен бірге, оқу-әдістемелік семинар өтті. Семинардың тақырыбы: «Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру барысын түсіндіру әдістемесі» болды.

Семинарға - Питоленко Л. Н. - Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Мамсуров Қ. В. - Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Әбдәлиева М. Ә. - Алматы қ. ҚХА Хатшылығының жетекшісі және Ғылыми-Сараптамалық топ мүшелері, этнобірлестіктердің төрағалары қатысты.

Семинар барысында Алматы қаласында тұрғындарының әр санаттары арасында «Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам ұлт жоспарын» түсіндіру жолдары жайлы баяндау болды. Стратегиялық документті түсіндірудің қазіргі және болашақ Қазақстанға деген бір айтарлықтай ерекшелігі, бұл жұмыс мемлекет үшін айрықша жыл, яғни Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы толып отыр. Сөзсіз, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы ел дамуының белгілі бір кезеңі болды. Осы кезеңнің маңыздылығы мен тарихилығы, ел азаматтары Қазақстанның әлем тарихындағы алатын рөліне басқаша көзқараспен қарауында, елдің жаһандық бәсекелестіктің шиеленесуі жағдайында жаңадан жайғасуына мүмкіндік алуында көрінеді. Осы кезең, әлбетте, мемлекет өзіне және жеткен жетістіктеріне жаңа көзқарас қажет ететініне сендірді. Осы түсініктің мәні реформалар мен қазіргі замаңғы модернизация үздіксіз және жасампаз сипатта болу керек екенін куәландырады. Семинар қатысушылары аудиториямен қарым-қатынас түрлерін дамыту маңыздылығын, ақпаратты тек қана жеткізу емес, елдің тарихи даму жолдарына өзінің жеке қатыстығын сезіну маңыздылығын ерекше атап өтті. Шығармашылық белсенділікті дамыту, өзінің еңбек немесе оқу ұжымының, жалпы елдің нақты даму жолдарын талдау және жоспарлау қабілетін дамыту, жан-жақты дамуға ынталандыру, және жеке еңбегімен стратегиялық мақсатқа қол жеткізу, міне осылар - аудиториямен жұмыс істеп, елдің даму мәнін түсіндіретін әр маманның міндеті.

Пайымдаушылық пен ақпараттанудан шығармашылық қабылдау пен ұмтылысқа, жасампаздыққа, міне осы - ақпараттық активтің тұрғындармен жүргізетін заманауи жұмысының мәні.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56