^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 15 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық жиыны

2017 жылғы 1 ақпанда  Алматы қ. Достық үйінде республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің қатысуымен республикалық жиын өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары –Хатшылық меңгерушісі Е.Л.Тоғжанов, ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Питаленко, ҚХА Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері, жастар ұйымдары, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі мен зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің БАҚ мен ҚХА өзге де құрылымдарының басшылары қатысты.

Жиын барысында қатысушылар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын, сондай-ақ мемлекет басшысының конституциялық реформасына байланысты ұсыныстарды әзірлеу мәселелерін талқылады.

Өз сөзінде ҚХА Төрағасының орынбасары –Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов :  «Бұл Жолдау - қазақстандық бірегейлік пен бірліктің, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың экономикалық, әлеуметтің нығаюы мен дамуының алгоритмі немесе тиімді жолы. Президент Үшінші жаңғырудың негізгі бес басымдығын айқындап берді: экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы, дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру, еңбек нарығын жаңғырту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл мақсаттарға жету үшін «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық ауқымды жоспары әзірленеді», - деді. 

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56