^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 14 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматыда Қазақстанның «Барбанг» күрдтер қауымдастығының кеңейтілген отырысы өтті

2017 жылғы 2 ақпанда Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауындағы міндеттерді іске асырудағы күрдтердің қатысуын талқылау мақсатында Қазақстанның «Барбанг» күрдтер қауымдастығының кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Л. Питаленко, ҚХА Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі мен зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, еңбек ардагерлері және жастар қатысты.

Алғы сөзімен ҚХА Төрағасының орынбасары Леонид Питаленко сөз сөйледі.

Жиын барысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын Қазақстанның «Барбанг» күрдтер қауымдастығының қатысуы мен іске асыру міндеттері жан-жақты қаралды.

Қазақстанның «Барбанг» күрдтер қауымдастығының президенті Князь Мирзоев өз сөзінде этномәдени бірлестіктер өз алдына біршама міндеттерді қойғандығын атап өтті.

Сонымен қатар, « Біздің басты мақсатымыз – Ұл жоспары 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру негізінде міндеттерді іске асырамыз. Елбасының жылсайынғы Жолдауында аграрлық реформа, әлеуметтік реформа, тау-кен, ел қауіпсіздігі секілді мәселелерді алдыға қойып келеді. Мен білім саласында қызмет еткендіктен, маған 4-ші этап – білім саласын дамыту бағыты жақын болып тұр. Жаңа оқулықтар мен үш тұғырлы тіл білімі» - деп өз ойын жеткізді.
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56