^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 14 қазан 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің активтік отырысы өтті

2017 жылғы 2 ақпанда Алматы қаласы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің активтік отырысы өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Л. Питаленко, ҚХА мүшелері, республикалық бірлестіктер активі, Қазақстан жастар кәрістері қозғалысының өкілдері, кәріс музыкалық комедия Мемлекеттік Академиялық театры өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау дөңгелек үстеліне Беларусь және Осетин этномәдени бірлестіктерінің жетекшілер шақырылған. Қатысуышы қонақтар бағытталған құжаттардың басым тұстары мен оның негізгі принциптерін атап өтті.

Жиын барысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы, сондай-ақ мемлекет басшысының конституциялық реформасына байланысты ұсыныстарды әзірлеу мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік республикалық корей музыкалық театрының директоры Ни Любовь Августовна бұл Жолдаудың тек халық үшін екенін атап өтті. «Қазақстанның үшінші жаңғыруының мақсаты – біздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін экономикалық өсудің жаңа моделін құру болып табылады. Қарапайым сөзбен айтқанда, Жолдаудағы барлық тармақтар тек бізге арналған, яғни қарапайым халыққа» - деп өз ойын жеткізді.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56