^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 24 тамыз 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Қазақстан әзірбайжандары қауымдастығы» ҚРБ конференциясы өтті

2017 жылғы 14 ақпанда Алматы қаласы Достық үйінде «Қазақстан әзірбайжандары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі республикалық конференция болып өтті.

Конференцияның басты мақсаты - Жолдаудың басты бағыттарын түсіндіру және Мемлекет басшысының 2017 жылғы 25 қаңтардағы арнайы үндеуінде белгілеген конституциялық реформаларын талқылау.

Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Питаленко Леонид Николаевич, ҚХА мүшелері, республикалық бірлестік өкілдері, ғалымдар, өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер, жастар, БАҚ өкілдері.

Қазақстан әзірбайжандары қауымдастығының төрағасы Хамедов А.М. іс-шараны ашып, былай деді: «Президент Жолдауы - бұл Қазақстанның келешектегі даму бағдарламасы. Негізінен аграрлық секторда қызмет атқаратын Қазақстан әзірбайжандары үшін Мемлекет басшысының бастамалары экономикалық өсудің драйвері ретінде қабылданады. Мұның терең адами-рухани тамырлары бар. Қазақстан әзірбайжандары қауымдастығы Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы қаласының Наурызбай ауданында салынған 320 орынға есептелген балабақшаны тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан бүлдіршіндерге сыйға тартпақ».

Қазақстан халқы ассамблеясы атынан төраға орынбасары Питаленко Л.Н. сөз сөйледі.

Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Батталханов Б.З. өз сөзінде Мемлекет басшысы бастаған конституциялық реформалардың негізгі мақсаттары мен ерекшеліктерін атап өтті.

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кан Г.В. өз сөзінде адами капиталдың сапасын арттыру мәселесіне тоқталды. «Адами капиталдың сапасын арттыру мемлекеттік басқару тиімділігінің нақты индикаторы болып табылады. Кез келген демократиялық мемлекет жеке тұлғаның бостандығы мен қауіпсіздігін жоғары қояды. Ақпараттық қоғамда мұны қамтамасыз ету үшін зор мүмкіндіктер бар. Оған дәлел - ақпарат тарату жүйесі. Электрондық түрде бұл үдеріс қағазға түскен құжаттардан гөрі қарапайым, жедел және сенімді болып келеді. Алайда мұның да өз қауіптері мен тәуекелдері жоқ емес. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы киберқылмыстардың көбеюіне ықпал етеді. Осыған орай, Президент өз Жолдауында Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырды» - деді ол.

Сөз сөйлегендер: Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Мамсуров К.В.; «Қазақстан әзірбайжандары қауымдастығы» РҚБ төрағасының орынбасары Садиев Гахраман Санан-оглы; Алматы қаласы «Қазақстан әзірбайжандары қауымдастығы» ҚБ төрағасы Мамедгасанов Эйбаз Иманвердиевич; «Қазақстан әзірбайжандары қауымдастығы» РБҚ Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Беширов Гахраман Дамат-оглы.

«Қазақстан әзірбайжандары қауымдастығы» төрағасының көмекшісі Милазов Мансур өз сөзінде жиналғандарды, әсіресе жастарды Елбасы бастамаларын қолдап, алға қойылған міндеттердің жүзеге асырылуына барынша күш салуға шақырды.

Барлық баяндамашылар Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген үшінші жаңғыру міндеттерінің экономикалық өсудің жаңа үлгісін құруға, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, әр қазақстандықтың мүддесін қорғауға бағытталғанын атап өтті.

Іс-шараға қатысқан БАҚ өкілдері: «24 Хабар» телеарнасы.

Іс - шараға 54 адам қатысты.

Фотография
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56