^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 27 маусым 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы» ҚБ республикалық конференциясы өтті

2017 жылғы 14 ақпанда Алматы қаласы Достық үйінде «Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және конституциялық реформаларды талқылау жөніндегі республикалық конференция болып өтті.

Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Питаленко Леонид Николаевич, «Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, ғалымдар, өнер қайраткерлері, жастар.

Іс-шара модераторы - «Уйгур авази» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Асметов Ершат Моллахунович өз сөзінде былай деді: «Мемлекет басшысының Жолдауы озық сипаттағы превентивті іс-әрекеттерге бастап, жаңа заман талабына сай елге барынша пайда тигізуге мүмкіндік жасайды. Қазақстан болашақ онжылдықта жаңа мақсаттарға қол жеткізуі тиіс, өзгелермен тең дәрежеде болып қана қоймай, жаңа өңірлік көшбасшыға тән қасиеттер танытып, үздіктердің үздігі болуға әрекет жасауы керек.

Қазақстан халқы ассамблеясы атынан төраға орынбасары Питаленко Л.Н. сөз сөйлеп, былай деді: «Ел Президенті бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптасуының нақты жолдарын белгіледі. Жолдаудағы басым міндеттер уақыт талабы болып табылады. Қазақстандықтар Үшінші жаңғыру кезінде Жолдауда көрсетілген барлық міндеттерді Мемлекет басшысының жетекшілігімен табысты орындайды деп сенемін. Елбасы көрегендігінің арқасында мүмкін болған Қазақстанның жетістіктері мұның жарқын әрі нақты дәлелі болмақ». Сөз соңында ол жиналғандарға бейбітшілік, мейірімділік пен ырыс-береке тіледі.

Негізгі баяндамашы болып ҚР БҒМ ҒК Шығыстану институты жанындағы Ұйғыртану орталығының жетекшісі т.ғ.д., профессор Каримова Рисалят Усмановна сөз сөйледі. «Ұлт көшбасшысы - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаңа жолдауы кешенді жаңғырту бағдарламасы болып табылады. Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері қарқынды дамып келеді, саяси жүйе түбегейлі өзгеріп, қоғамдық өмірдің барлық салалары кезең-кезеңімен жаңартылуда.Елбасы өз Жолдауында айтқандай, Қазақстанда жаңа, үшінші жаңғыру кезеңі басталғалы тұр. Үшінші жаңғыру - мемлекетімізді дамыту үшін болашаққа бастайтын сенімді көпір. Бұл орайда, бес маңызды міндет орындалуы тиіс: бірінші - экономиканы технологиялық тұрғыдан жедел жаңғырту; бизнес ортаны түбегейлі жақсарту  мен оның қызмет аясын   кеңейту; үшінші - макроэкономикалық тұрақтылық; төртінші - адами капиталдың сапасын арттыру; бесінші - институционалды өзгерістер ,   қауіпсіздікті  сақтау мен сыбайлас жемқорлықпен күрес» - деді ол.

К. Кужамьяров атындағы Академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры Токтахунов Руслан Абдушукурович өз баяндамасында былай деді: «Президент «Нұр Отан» партиясының, өзге де партиялардың мүшелеріне айрықша көңіл бөледі. Бұл Жолдау барлық партия мүшелері үшін алдағы жылдарда жұмыс жасау бағдарламасы болуы тиіс. Партия мүшелері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, елді игі істерге жұмылдыруы керек. Президент барлық партиялар мен халықты ел өркендеуіне үлесін қосып, Жолдауды жүзеге асыруға белсенділікпен қатысуға шақырады. Ол үшін бізде біртұтас жігер де, мызғымас дәстүр де, халық бірлігі де бар».

Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры, э.ғ.д., профессор Арупов Акимжан Арупович мынаны атап өтті: «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер енгізу туралы заң жобасы қазір халық арасында талқылануда. Ел тарихының жаңа кезеңі болары сөзсіз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қырыққа жуық өкілеттілігін Үкімет пен Парламентке, бірінші кезеңде Парламент Мәжілісіне тапсырды. Бұл дүниежүзі тәжірибесінде сирек кездесетін оқиға. Жалпы алғанда, заң жобасы қазақстандықтардың демократиялық бостандықтарын арттыруға бағытталып, Үкіметке қабылданатын шешімдер үшін үлкен жауапкершілік артады, ал Парламентке кең өкілеттілік береді. Менінше, Елбасының бұл ұсынысы елдегі саяси жүйенің демократиялық тұрғыдан өзгешеленіп, жетіліп, жаңғыратынын айқындайды.

Республикалық конференция қатысушылары Елбасы бастамаларын қолдап, алға қойылған міндеттердің жүзеге асырылуына бар күштерін салатындығын жеткізді.

Іс-шараға қатысқан БАҚ өкілдері: «Хабар» телеарнасы; «Уйгур авази» қоғамдық-саяси газеті.

Іс-шараға 73 адам қатысты.

Фотография
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13