^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 24 тамыз 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Ахыска» түрік мәдени орталығы» ҚБ ұйымдастырған республикалық конференция өтті

2017 жылғы 15 ақпанда Алматы қаласы Достық үйінде «Ахыска» түрік мәдени орталығы» ҚБ ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және конституциялық реформаларды талқылау жөніндегі республикалық конференция болып өтті.

Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері; республикалық және қалалық ЭМБ жетекшілері мен мүшелері; республикалық түрік бірлестігінің мүшелері; ғалымдар, өнер қайраткерлері; кәсіпкерлер; жастар, БАҚ өкілдері.

« Ахыска» түрік мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Касанов З.И. іс-шараны ашып, былай деді: «Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттілікті бөлу жөніндегі арнайы үндеуі дер кезінде жасалды. Бұл ел үшін аса маңызды мәселе. Заманауи демократиялық мемлекеттер конституцияларына тән бір ерекшелік - ол тұрақтылық. Мұндай сипатқа біздің Конституция да ие. Қазақстан бүкіл әлем қатарында қарқынды дамып келеді. Бұл реформа басқару жүйесінің тиімділігін арттыруды, қоғамды демократиялауды көздейді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы Қазақстанның келешектегі даму бағдарламасы болып табылатын терең мағыналы, орынды бастама».

Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің атынан алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Мамсуров К.В. сөйледі. «Алматы қаласының этномәдени бірлестіктері кездесулер, жиналыстар ұйымдастырып, түрлі этностық топтар арасында Президент Жолдауының, конституциялық реформаның негізгі қағидаларын түсіндіру жұмыстарын атқарып келеді. Осындай іс-шараларға жастардың қатысуы қуантарлық жәйт. Жастар аға буыннан үлгі алып, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға барлық күш-жігерлерін салуы тиіс» - деді ол.

Сөз сөйлегендер: з.ғ.д., профессор, ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөніндегі комиссия мүшесі Караев А.А.; ҚХА ҒСК мүшесі т.ғ.д., профессор Кан Г.В.; з.ғ.д., профессор, «Ахыска» түрік орталығы басқармасының мүшесі Исаев А.А. Ғылым өкілдері өз баяндамаларында мына ойды жеткізді: мемлекет құру үдерісі үздіксіз болып келеді, бұл әрқашанда да жалғасын табатын құбылыс. Мемлекет басшысы белгілеген конституциялық реформалар - қарапайым халықтың жағдайын жақсартуға және елдің әрі қарай өркендеуіне бастайтын жол.

Қазақстан күрділері қауымдастығының төрағасы, ҚХА кеңесінің мүшесі, п.ғ.д., профессор Мирзоев К.И. былай деді: «Бүгінгі таңда тек білімді адам әрі нағыз патриот Үшінші жаңғырту ұсынған мүмкіндіктерді өз және қоғам пайдасына асыра алады. Білім саласы жаңа экономикалық өсу үлгісінің басты бөлігі болмақ. Мен ЖОО оқытушысы ретінде жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп келемін, Елбасы алға қойған міндеттерді болшақта жас ұрпақ іске асыратындығын түсіндіремін. Мемлекет басшысы ұсынған екі маңызды құжат Қазақстан халқы ассамблеясы қызметіне тікелей байланысты, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бастайды».

Барлық қатысушылар Елбасы бастамаларын қолдап, алға қойылған міндеттердің жүзеге асырылуына барынша күш салатындарын жеткізді.

Іс-шараға қатысқан БАҚ өкілдері: «24 Хабар» телеарнасы.

Қатысушылардың саны 73 адам.

Фотография
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56