^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 22 қыркүйек 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ КҮНІ

2017 жылғы 10 наурызда Алматы қаласындағы Достық үйінде  Қазақстан халқы Ассамблеясы ке ңесінің конституциялық реформаны қолдауға арналған жұмыс отырысы өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Л.Тоғжанов, ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Н.Питаленко, ҚХА Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері, жастар ұйымдары, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі мен зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің БАҚ-тары мен ҚХА-ның өзге де құрылымдарының басшылары қатысты.

ҚХА Кеңесінің жұмыс отырысы Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық бірыңғай күні шеңберінде өтті.

«Конституциялық реформалар біріншіден, Тәуелсіздіктің негіздерін нығайтуға; Екіншіден, демократияны әрі қарай ілгерілеуге; Үшіншіден, қуатты құқықтық мемлекет құруды жалғастыруға бағытталған. Осы мақсатта мемлекеттік билік органдарының арасындағы өкілеттіктер қайта бөлініп, адам және азаматтардың құқықтарын мен бостандықтарын қорғау механизмдері, сот жүйесі мен прокуратура органдары жетілдірілді. Заң шығарушы биліктің, Үкіметтің рөлі мен жауапкершілігін арттыру арқылы, халқымыздың бірлігі мен келісімін нығайтуға бағытталған, Қазақстандағы демократиялық процестерді жалғастыруға тың серпін беретініне сеніміміз мол», - деді өз сөзінде Ералы Тоғжанов.

10 наурызда барлық өңірлерде  ҚХА Достық Үйлерінің базасында конституциялық реформаны қолдауға іс-шаралар өтті.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56