^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 22 қыркүйек 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Алматы қаласында ҚХА Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті

2017 жылғы 16 наурызда Алматы қаласы Достық үйінің дөңгелек залында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен конституциялық реформаларды қолдау бойынша ҚХА Журналитер клубының көшпелі отырысы өтті.

Мәжіліске Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Питаленко Л.Н., ҚХА мүшелелері, республикалық және қалалық бірлестіктің активі, ғылым және өнер зиялылары, жастар, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің студенттері, этностық баспалардың бас редакторлары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Питаленко Леонид Николаевич өз сөзін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдың ішіндегі жетістіктер, сыртқы және ішкі саясатындағы табыстар жайлы бастады. «Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында, тәуелсіздіктің ерте кезеңдерінде мемлекеттік басқарудың қуатты президенттік биліктің тиімді жүйесін құрастыра алды. Ең маңызды заңдарды сәтті қабылдаудың арқасында 25 жыл ішінде біз мемлекеттің экономикалық негізінің қалыптастыруына, бизнес, азаматтық бастамалар мен мемлекеттік емес ұйымдардың дамуының ең тиімді жағдайларын жасауға қол жеткіздік. Ассамблея әрқашан Тәуелсіз Қазақстан дамуының, уақыт мәжбүрлейтін өзекті мәселелерді шешудің алдында болды» - деді ол.

Мәжілістің модераторы – Республикалық корей «Коре Ильбо» газетінің бас редакторы Ким Константин Станиславович бүгінгі кездесудің өзекті және уақытында өтіп жатқанын айтты. «Жемісті жұмыс жасап, мәселелерді талқылайық, құрылмалық шешімдерді қабылдайық. Қазір мемлекеттің барлығы, соның ішінде журналисттер де, қабылданған конституциялық реформаны талқылап жатыр. Біздің этникалық БАҚ республиканың барлық медиакеңістігінің толық құқылы мүшесі болып табылады және біздің міндетіміз біздің отандастарымызға, Мемлекет басшысы бастаған реформалар барлық азаматтарға қатысты, ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін көтеруге және саяси жүйенің көп жылға арналған тұрақтылық қорын жасауға бағытталғаны екенін жеткізу болып табылады. Реформа нәтижесінде қуатты мемлекеттік билік сақталып, парламент пен үкіметтің авторитеті мен жауапкершілік деңгейі елеулі түрде өседі. Конституциялық өзгерістер Қазақстан халқы Ассамблеясына да, оның рөлін көтеріп, Ассамблея шешетін мәселелер тобын кеңейтіп, әсерін тигізеді. ҚХА жұмыстың инновациялық әдістерін игеруді жалғастырады» - деді ол.

Модератор келесі сөзді ҚР Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ баспасөз хатшысы Қымбат Досжанға берді. Ол Президент Жолдауын және Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформаларды талқылауға елдің барлығы қатысқанын тілге тиек етті. «Конституциялық өзгерістерді қабылдау үшін оларды жалпыхалықтық талқылау керек еді және сол үшін жеткілікті уақыт берілді. Құрметті әріптестер, сіздердің барлықтарыңыз сондай талқылауларды өткізудің куәгерлері, ұйымдастырушылары болып табыласыздар. ҚХА баспасөз қызметі барлық Президент Жолдауын және конституциялық реформаларды талқылау бойынша іс-шаралардың ортасында болды» - деп сөзін жалғастырды.

Келесі сөз кезегін республикалық «Достық-Дружба» журналының бас редакторы – Сейсенова Зейнегүл Катшибекқызы, республикалық неміс « Deutsche Allgemeine Zeitung» газетінің техникалық редакторы – Лихобабина Вероника, «Барбанг» Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының президенті – Мирзоев Князь Ибрагимович, республикалық «Хабар» агенттігінің Алматылық тілшілік пунктінің шеф-редакторы – Хангельдина Қымбат және басқа да келген қонақтар оө ойларын айтты.

Соңында Ким К.С. отырысты қорытындылай келе, «ҚХА Журналистер клубы мемлекет пен әлеуметті демократизациялауға, елдің гүлденуіне бағытталған түзетулерді толығымен қолдайды деген қорытынды жасауға болады» деп сөзін айтты.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56