^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жексенбі, 22 қыркүйек 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қысқы спорт түрлерінен Президенттік сынақ тапсырудан өткен жарыстың жабылу салтанаты

2017 жылғы 30 наурыз күні Алматы қ. Орталық стадионында Қысқы спорт түрлерінен Президенттік сынақ тапсырудан өткен жарыстың жабылу салтанаты өтті. Іс-шараны Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы Алматы қ. әкімі аппараты « Қоғамдық келісім » КММ қолдауымен ұйымдастырды.

Жарысқа қаланың 8 ауданынан келген әр түрлі жас топтарынан тұратын 200 спортшы қатысты.

Қатысушыларды Алматы қ. әкімі аппараты « Қоғамдық келісім » КММ директоры Ж.Ш.Мұрынова, Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт Басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің бастығы М.А Маханбетияров және т.б қошеметпен қарсы алды.

Жарыс командалардың сапқа тұруынан бастау алып, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттарының табысталуымен жалғасты. Алғыс хатармен Шахматтан Қазақстан студенттік ұлттық құрамасының бас бапкері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дене шынықтыру кафедрасының доценті, 80 жасқа толу мерей тойын атап өткен — Носков Анатолий Аристархович пен 70 жасқа толуына байланысты әлемдік деңгейдегі кросс-кантридан спорт шебері — Балтабаев Марат Шарипович марапатқа ие болды.

Президенттік сынақтың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спорт пен дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыру Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын нығайтудың негізгі құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық олимпиада құрамасының мүшелерімен кездесуінде: -«спорт – бұл денсаулық, спорт – бұл рухтың күші, спорт – бұл патриотизм» екенін атап айтқан еді.

Атап айту керек, Алматы қаласында спорт және салауатты өмір салтына қызығушылық артып келеді. 2016 жылы Алматы қаласында 467 спорт мастерына үміткер және 268 І спорттық разряды бар спортсмен, 54 спортсмен – «халықаралық класстағы спорт мастері» атағын алып, 254 спортсмен «спорт мастері» нормативтерін орындады.

Президенттік тестің нәтижелері бойынша қорытындылар шығарылып, жеңімпаздарға І,ІІ.ІІІ орындар үшін сыйлықтар табысталды.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56