^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 17 маусым 2019
 
     
 
Қоғам / Қазақстан халқы Ассамблеясы
Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында семинар өтті

2017 жылғы 12 сәуір күні Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында « Студенттің жастар арасындағы жанжалдар мен қақтығыстардың алдын алу және шешудегі медиацияның р өлі » тақырыбында семинар өтті.

Ұйымдастырушылар: ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің Республикалық әдістемелік медиация кабинеті, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы.

Модератор: Әльтекова Нұрсәуле Әбдіқадырқызы – ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің Республикалық әдістемелік медиация кабинетінің меңгерушісі.

Қатысушыларды Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісінің орынбасары Батталханов Болысбек Заманбекұлы қошеметпен қарсы алды.

Семинарды профессионалды медиаторлар: Войнце Абубакир Вайсырович - «Қазақстандық дүнгендер қоғамы» ҚБ торағасы, Жақыпов Жанділдә Әжіғалиұлы – «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ директоры жүргізді.

Войнце Абубакир студенттер мен басқа да қатысушыларға медиацияның негізгі принциптері, ҚХА медиация институтінің рөлі жайлы және оның заманауи қоғамдағы қажеттілігі туралы айтты.

Содан кейін Жақыпов Жанділдә медиация институтының өзге құқықтық институттардан өзгешелігі жайлы айтып, студенттерге ойын арқылы мысал келтірді. Студенттер қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп, интерактивті ойындарға қатысты. Жанділдә Әжіғалиұлы көрнекілік танытып, визуализация әдістерін, келліссөздер жүргізу, сұхбаттасудағы ақпаратты оқу және т.б дағдылармен таныстырды.

Қорытындылай келсек, семинар қарқынды әрі танымды болды. Семинар студенттердің көңілінен шығып, соңына жақын еркін дискуссияға алмасты.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13